Өлең, жыр, ақындар

Қалампыр Кенжеғалиева

Қалампыр Кенжеғалиқызы 1979 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы республикалық кітап баспасы қызметімен, ресми аудармамен байланысты.

Мақалалары, сыр-сұхбаттары, әңгімелері мен өлеңдері республикалық «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Жас алаш» газеттерінде және «Жұлдыз», «АруЖан», «Балбұлақ» журналдарында жаряланып тұрады. Замандастары жайлы жазылған сыр-сұхбаттары және әңгімелерімен оқырман қауымға танымал автор қандай тақырыпқа қалам тартса да қазақы тәрбиенің үлгісі мен адамгершілік жайында ой толғайды, қоғам дамуындағы ұлт перзентінің бейнесін, болашағын сөз етеді.

Автордың тұңғыш кітабы Тал шын деген атпен жарық көрген. Прозалық жинаққа әр жылдары жазылған әңгіме, эссе, сыр-сұхбат, естеліктері енгізіліп отыр.


Туындылары Өлеңдері

Қарап көріңіз