Өлең, жыр, ақындар

Тәуба, тәуба, бәрін көргем...

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 631
Тәуба, тәуба, тәуба дегем...
Әлпештеген ана көргем,
Мейірімді әке көргем,
Жүрген аяқ сәтті жолмен
Іліккенін жөргем көргем....
Тұлпар ұстап құдық келген,
Білегіне жүген ілген
Жігіт көргем жігері бар,
Тұқыртуға асау келген,
Үйретілген сол асауға
Әжем үкі ырымға ілген...
Әже көргем, ене көргем,
От қызулы құшақ көргем,
Бәрін берген, бәрін көргем,
Төл де көргем, көген көргем,
Кеше көргем,
Бүгін көргем...
Көре бергем, көре бергем,
Бар жақсылық маған ерген,
Түбірінде ақ тілеу бар
Жаратқанның өзі берген...
Бесік тербеп, сәби көргем,
Жөргек жуып, иіскеп көргем
Тәй-тәй басқан табанына
Тиянақ деп ырым берген
Тұсау кескен көрші әжемнің –
Раушанның көзін көргем...
Аманатты берсе құдай
Аманаттап көрші көргем.
Бақ тілеген ақ тілеулер
Ата берген, ана берген
Болғай дейік періштелер
Құлағына түгел ілген!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әсерлер әсер ете алмай

  • 0
  • 0

Әсерлер әсер ете алмай,
Сүлесоқ жүрмін, сүлесоқ,
Жазғырғың келсе, өзің біл,
Жазықты десең, дүре соқ!

Толық

Сананы

  • 0
  • 0

Сананы
тілсіз билеген
Заманның
лебі секілді –

Толық

Сөзімнен нәр ала алсаң...

  • 0
  • 0

Сөзімнен нәр ала алсаң тамшыдайын,
Жолыңда бұлағың боп аршылайын,
Шөлдесең, тұма болып тұна қалып,
Керексем, шөлің басып сарқылайын.

Толық

Қарап көріңіз