Өлең, жыр, ақындар

Толқында тумағанмен, жағада ержеткендер

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 289
Толқында тумағанмен, жағада ержеткендер,
Сыңсыған аққу әні әлдилеп тербеткендер.
Інілер, аманбысың, армысың, ел деп келем,
Адамдық атын адал мақсатқа белгі еткендер.
Біздің жақ жігіттері мәрттікке енші берген.
Ұлдары туды ма ұқсап, таныссын, келші бермен.
Нарық деп, ақша қуып, жүр ме әлде мұрша жетпей?
Сақталса бір қасиет, атадан алыс кетпей...
Нағашы – ол да жұртың, жақсысы бекер кетпей,
Біреуі тартса, тартсын түп-түгел ұқсап кетпей!
Кешірер жақсы құда, әзілде шындығым бар,
Әке ізі өшпесін деп, Құдайға құлдық ұрам.
Ақ келін мен де атанғам, бір құтты босаға аттап.
Тілекші қыз дегенің, сіңісіп кеткен жатқа...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өр Алтай

  • 0
  • 0

Тіршілік пен әсемдік ұғысқалы –
Бір шынар асқақ Алтай шығыстағы
Тербеткен кеудесінде кенді өлкені
Жер-Алып алтын бесік тыныстады.

Толық

Жұпты бөлсе, білемін дара болар

  • 0
  • 0

Жұпты бөлсе, білемін дара болар,
Бағы күйген ақ жүзі қара болар.
Тақты бөлсе, бүтіндік ада болар
Жарты, сынық, бөлшектер ғана болар...

Толық

Қаражал толқын

  • 0
  • 0

Көкшулан толқын, қара ала жалды,
Жалынан үрей ұшырған!
Қасқайып келер қара нар кеме
Жан тыныштығынан ұшынған!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер