Өлең, жыр, ақындар

Біреу үшін болайын, бар болайын

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 403
Біреу үшін болайын, бар болайын,
Арқа сүйер, күш көрер нар болайын!
Біреу үшін болмайын, жоқ болайын
Көре алмастың көзіне тоқ болайын...
Қуанатын адамға ай болайын
Тамашалап жүрсінші толған айын.
Толған айдай келісті бай болайын
Көңілінің төріне жайланайын!
Арманшылға тәп-тәтті ой болайын,
Ой болайын, тербеліп толғанайын.
Бақ аңсаған жүрекпен жолықтыршы,
Жолықтыршы, тағдырым, айналайын!
Жолықтыршы, арлының арлысына,
Жолықтыршы, малдының малдысына.
Ақыреттік болатын адал досқа –
Балап жүрер жырымды таң құсына!
...Тілектестер тойласын бақытымды
Қалдырма тек ешкімнің қарғысына!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыз деген сағындырар есіңді алып

  • 0
  • 0

Қыз деген сағындырар есіңді алып,
Ол мұңайса шарасыз сен бір ғаріп,
Теңім деп тапқан жары адал болса,
Сенің де бағың жүрер күнде жанып.

Толық

Жұпты бөлсе, білемін дара болар

  • 0
  • 0

Жұпты бөлсе, білемін дара болар,
Бағы күйген ақ жүзі қара болар.
Тақты бөлсе, бүтіндік ада болар
Жарты, сынық, бөлшектер ғана болар...

Толық

Мен құмда өстім жалаңаяқ

  • 0
  • 0

Мен құмда өстім жалаңаяқ,
Құм қызуын сіңіріп,
Өкпек желге қарамай-ақ,
Қырдан самал сіміріп...

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер