Өлең, жыр, ақындар

Көктем белгісі

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 461
Тұла бойы сүңгі мұздан сіресіп,
Селт етпестен қыс қабағын күзетіп
Тұрған дырау бәйтеректің бұтағы
Елең еттім көз алдымда дір-рр етіп!
Мұндай сурет ой қозғады ілкі бір –
Тұр ма дедім жер ақырын сілкініп!
Жер бусанып, жатыр екен дүние,
Кісен бұзып, мұз құрсауда бұлқынып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басылар-ау деп жүрсем

  • 0
  • 0

Басылар-ау деп жүрсем,
үдеп берді сағыныш.
Сағыныштың мұхитын
мың кешіп өт, тағы жүз.

Толық

Ойын туралы ой

  • 0
  • 0

«Қақпақыл» деген ойын бар,
сенбесеңдер қойыңдар.
Қақпақылдың білмеймін,
аты қалай қойылған.

Толық

Күш пен бағыт

  • 0
  • 0

«Көтере алар ма екенсің»
деп шіреніп, салмақ тұр.
«Тәлтіректеп құласаң...»
деп сығалап зардап тұр.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар