Өлең, жыр, ақындар

Амазондықтар шеруі – аманат

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 414
Орман жатыр оталып, алаңқайлар кеңейіп,
Табиғатты санайтын «жоқтаушысыз өгей ұл»,
Мұң-мұқтажы бітпейтін тойымсыз көз,
ұры - аты,
Адам қолы кеседі жасыл өмір-орманды
Бөрене ғып құлатып!
Жатыр дейді адамзат, амазондық ағашты
мұқтаж болып сұратып...
Қажеттілік қойсын ба,
Жайратады, я, пірім-ау, қара орманды сұлатып...
Шерулеп ел келеді, төбесінен күн шағып,
Табиғатқа тамсанған келімсекке мұң шағып.
Әлем кезген жиһангер, таза білем ниетің,
Жеткіз дейді көп жұртқа, тілін өзің білетін,
Жалғыз мұң бар біздерде – арашашы іздеуге
Шаруа көп, сытылып шығу қиын біздерге...
Жалғыз мұң бар дедік қой, бала өсіріп отыр ек,
Жасыл орман болмаса, тұқым құрыр, сетінеп...
Жүрген жерде осыған сауға тілеп жүргейсің,
Аз күн дәмдес болып ек... ескергейсің соны тек.
Қоштасарда қимады, тілектес жатжерлікті,
Аманаттап мұқият, ерге сенді ел мықты.
Күтер, сөзсіз ... күтеді,
Айтары анық, жеткізе,
Аманатты тыңдайтын
Құлақ қалсын деп тіле!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сөзімнен нәр ала алсаң...

  • 0
  • 0

Сөзімнен нәр ала алсаң тамшыдайын,
Жолыңда бұлағың боп аршылайын,
Шөлдесең, тұма болып тұна қалып,
Керексем, шөлің басып сарқылайын.

Толық

Құрбыма...

  • 0
  • 0

Мұнша бітеу болармысың, шіркін-ай!
Әзер тұрдым көз жасымды іркіп-ай,
Мелшидім-ау тас төбемнен ұрғандай,
Қатыгездік шын балалап тұрғандай!

Толық

Наразылық

  • 0
  • 0

Бір жаңалық ашқанға ұқсайды бір ғалым,
Кереметін паш етіп тұр ырғалып.
Шығыс елі – Жапония тұрғыны
Темір бала ойлап тапты о, залым!

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер