Өлең, жыр, ақындар

Мейірім

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1616
Жүрек деген тас бар еді,
Тастай берік асқар еді.
Беріктігі ерен еді,
Шыңыраудан шыңғырса жын,
Тек жаңғырық берер еді,
Жаңғыртуға шебер еді...
Сол жүрек-тас мүсін болған,
Бермес еді түсін қолдан.
Жол-жөнекей соқты бірде
Жолаушылап Мейірім өзі.
Бірдің ісін құдай қолдап,
Орайы кеп тұрды оңынан.
Атың ерек, ей, мейірім,
Тұрдың көзден жас үйіріп...
Тасқа тамып кетті абайсыз,
Қос тамшы жас тұрды иіріліп.
Сіңер ме екен, деді біреу,
Кеуіп кетер, деді біреу,
Селт етпеді, бірақ жүрек,
Күдік тұрды біраз үдеп...
Мейірімнің өз атынан
Қос тамшы жас қос иірім
Меншіктеніп жүрек-тасты,
Қол қойыпты бір шиырып.
Кепкен сия секілденіп
Тас бетінде ізі қалды.
Десті біреу, тас та болса,
Тамшыдан нәр сүзіп алды...
Қалды әңгіме құлағымда,
Жылайын ба, күлейін бе.
Тас жүректі жібіте алсам,
Мейірім боп жүрейін мен!
Қолтаңбамды көз жасыммен,
Қалдыра да білейін мен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тыныштық

  • 0
  • 0

Құлаққа ұрған танадай
Орнады келіп тыныштық!
Қыздарым кетіп барады
Жүрекке дәру, тым ыстық...

Толық

Өмір жыры

  • 0
  • 0

Үміттерге сыйладың арай төккен жаңа таң.
Жапыраққа шаттанып, қол соғуға – алақан.
Сағынысқан ғашықтар жолыққандай қайтадан
Бұтақтарға иілгіш құшақ бердің айқара...

Толық

Сыйға да бал...

  • 0
  • 0

«Сыйға да бал, сыраға – бал, балға – бал...
Сені еске алсам, тәтті ойлардан бал тамар.
Бал арадай байыз тапқан гүлзарда
Құштар көңіл құшағыңда жай табар».

Толық

Қарап көріңіз