Өлең, жыр, ақындар

Жұмекен рухы сөйлесе...

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 205
(бір достың естелігіне жауап)

Мен – арқалы жырға тұғыр ем,
боркемік емес, шымыр ем,
солғын тартпайтын ғұмыр ем,
айыбым жалғыз – жалған-ай,
жалғанның сырын айласыз
жүрекпен сезіп ұғып ем.
Жоқтайтын досым ең ескі,
Жалғыз-ақ сөзің көмескі.
Пәниден ерте көшкенге
«боркемік» деуге неге өшсің?
Дос деген шартты ұғымнан,
азатпын бүгін, сен кешкін!!!
Айтарым мынау, дос саған:
«дейтұғын» болсаң, алма еске,
жүректе қалған сыр-десте
айтылса қамсыз есеппен,
бағытың бөлек бұл көште.
Жүрегім нағыз жүрек-ті,
Сезімділерге тірек-ті.
Бұл пәни жалған арттағы
Досты да есепке құл етті...
Қош делік, енді қош делік,
жазылар қанша естелік...
Дос берген талай бағадан,
өсетін жерде өспедік...
Сонда да пәни жалған-ай,
Жаратқан кешсе, «кеш» делік.
***
Уақыттың сүзгісі елек сын-ды,
Дос-жаранды аяусыз елеп тынды.
Елемейді деп бірі өкпе артады,
Жарытыпты кеше өзі елеп кімді?
Талай бұлақ шөлейтті суарыпты,
Қыр басына нәр жетпей қуарыпты.
Қуаңда өскен тамыры тереңдері
Бір-біріне араша тұра алыпты...
Тағдыр мені әуелден қырына алған,
Қыр – құрлықтың қуаңдау бір белесі.
Еккен тарың кешірек піскен жылы,
Талай достың танылар әуселесі...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

2010-шы көктем

  • 0
  • 0

Кеңістікте ауа айналмай,
әрекетте амал қалмай
тымырсық тұр белең алып,
тіршілікте дел-сал қалып.

Толық

Тағы да Інжуге

  • 0
  • 0

Менің опа-далабым,
Тап-тұйнақтай орнында.
Үйде жүрсең ғажабым
Шашар едің оңдырмай.

Толық

Ағажан – жалғыз бауыр

  • 0
  • 0

Бір жазмыштың жазуы болар, сірә,
Бұйырғаны алшақтау мекен-тұрақ.
Бірге тумақ болғанмен, бірге өлмек жоқ,
Жүретінім ол ырас, жалғызсырап.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер