Ұлағатты сөздер

Есті өскен жас бала,
Таңғы самал, желмен тең.
Ессіз өткен қария,
Шөл дала, сусыз жермен тең.

Ілмектер: Нақыл Бағлан Ерғали

Адам өмірге ессіз болып келеді.
Есалаң болып өмір сүреді, есі кіргенде өледі.

Ілмектер: Өмір Ел аузынан

Күле білу- өмір
Күлдіре білу- өнер
Күлкіге қалу -өлім

Ілмектер: күлкі Ел аузынан

Адам өмірдің ойыншығы, добы ,- дейді.Қайда тепсе сол жаққа домалайтын. Жоқ әрбір тағдыр доп емес доп болып домалап өз жолын табатын.

Ілмектер: Адам Арман

Мал жинасаң қойдан жи — майы кетпес шарадан,
Ит жинасаң сырттан жи — мал бермейді қорадан.

Ілмектер: мал, ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Өлетұғын тай үшін,
Қалатұғын сай үшін,
Қылмаңдар жанжал, ерегіс.

Ілмектер: ерегісу, жанжал, ерегіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жаулық жолын сүймеңіз: мынау жалған сұм дүние өтпей қалмас демеңіз.

Ілмектер: жау, дүние, нақыл, қанатты сөздер, афоризм Бұқар жырау

Есті кісі ерегеспейді,
Көпшіл адам бөлек ішпейді.

Ілмектер: көпшіл, ерегісу, ас, нақыл, афоризм Кенен Әзірбаев

Кісіні көрсең, есікке
Жүгіре шық, кешікпе.
Қарсы алмасаң мейманды,
Кесір болар несіпке.

Ілмектер: қонақ, мейман, несіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Үмбетей Жырау

Жігітті шешенсінген — дауда сына, есерді батырсынған — жауда сына.

Ілмектер: жігіт, шешен, дау, сын, жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.

Ілмектер: ақыл, дос, дұшпан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Арту-арту бел келсе — атан тартар бүгіліп,
Алыстан қара көрінсе — арғымақ шабар тігіліп.
Алыстан жанжал сөз келсе — азулы сөйлер жүгініп.

Ілмектер: арғымақ, жанжал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Рулының — оғы қалса табылар, жалғыздың — тартатұғын жағы қалса табылмас.

Ілмектер: жалғыз, нақыл, афоризм Бұқар жырау

Мал араға түспесе, құр айтқаннан не пайда?!

Ілмектер: мал, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Тәкаппарлық мен үшін әлсіздік! Бойындағы сол бір нәрсені билей алмайтын адамды әлсіз демей не дейміз? Ең өкініштісі әлсіздікті олардың мәртебе санауында!. Әлсіздерге жаным ашиды....

Ілмектер: Бешир Дильназ Бешир Дильназ

Шапса да қанша жүйрік біреу озар,
Болмайды кіл үмітті қосқан жерде.
Билер көп төр алдында сөзін созар,
Жол табар көсем қайта қысқан жерде.

Ілмектер: жүйрік, үміт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Тас жерде қолдың ұшын бергенді айтшы,
Екінің бірі мырза тасқан жерде.
Жамандар көре алмаған қылады өсек,
Лайық заманында асқан ерді.

Ілмектер: заман, ер, өсек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Бір жақсымен дос болсаң – азбас-тозбас мүлкі етер,
Бір жаманмен дос болсаң – бар ғаламға күлкі етер.

Ілмектер: жақыс, жаман, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ғалам Шалкиіз Тіленшіұлы

Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа.

Ілмектер: жаман, сыр, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Дін мұсылман болмаса, тіл мұсылман не пайда?

Ілмектер: дін, тіл, мұсылман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)