Өлең, жыр, ақындар

Көкжиектен күлімдеп шықты күнім

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 340
Көкжиектен күлімдеп шықты күнім.
Әппақ гүлдің ернінде қалған тұнып,
Мөп-мөлдір шық етеді жымың-жымың.
Ағытылды жүректен бұла жырым.
Бас бермес сәйгүліктей арындайды,
Тұнып келген бұйығы тұнық сырым.
Тұнық сырым – тәп-тәтті жыр боп туды,
Жарияға жар салдым күліп тұрып.
Кешіре гөр, сен мені, тұнық мұңым...
Көкіректе сақталған тұнып-тұнып,
Сен тәп-тәтті екенсің, тұнық мұңым.
Жырға айналып кеткенде ұғып тұрым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Інілеріме

  • 0
  • 0

Өмір жайлы тым кешірек ұғыппын,
Талқысына түсіп талай шынықтым.
Білсеңіздер, сіздер білген шығарсыз
Өз қатемді өзім білмей жүріппін!

Толық

Несібе

  • 0
  • 0

Қалғаны шын ба көңілдің,
Жалғаны шын ба өмірдің?
Алданыш болса, қу тірлік
Қамына неге көмілдім?

Толық

Айгөлекке

  • 0
  • 0

Сендей дос менде ғана бар,
Мендей дос сенде ғана бар.
Жүрекпен ұқса досты – дос
Көңілің көркін таба алар.

Толық

Қарап көріңіз