Өлең, жыр, ақындар

Тәуба

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 550
Жел сөзді демеу деп қалдым ба, өкінем,
Кешірші, жүрегім, кешірші, өтінем!
Онсыз да жүргенде сетінеп,
Толтырып мұң құйып кетіп еді,
Сонау бір жылдарым!
Елеңдеп, нем бар, сенем деп,
Тағдырдың тағы бір сынағын көрем деп,
Нем бар еді, сұрамай бір сауға,
Кезікті сау басым бір дауға.
Қатемді өтермін, жүгін сен көтердің,
Кешірші жүрегім, кешірші, өтінем,
Өкінем!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Имандылық жүрекке орнығуын тілесек

  • 0
  • 0

Имандылық жүрекке орнығуын тілесек,
Әліпбиден бастайық, ежіктеуден қашпайық,
Әр елде ашқан сауатын, сол елде қаққан қанатын,
Діни әлем көгінде шығарар әркім өз атын...

Толық

Бизон терісі

  • 0
  • 0

Мән-мағына табар әркім
Қимыл-әрекетінен.
Алыс елге бір жиһангер
Саяхаттай кетіп еді.

Толық

Қызыл су мен ыбырсу

  • 0
  • 0

Ойға барсаң - мұз бетінде қызыл су,
Сорға барсаң - тастап кеткен тұзын су,
Тауға келсең, бүгін-ертең еритін,
Селдетпекке дайындайды мұзын су.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер