Өлең, жыр, ақындар

Сары белдеу сайын далам...

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 641
(жетпіс жылғы бодандықтың құрсауы сыпырылғанына жиырма жыл)

Бұғауында бодандықтың
Жетпіс шілде қақтап аспан,
Жетпіс ақпан қалтыратқан
Сары белдеу сайын далам!
Сары белдеу сайын далам,
Бақ пен сорын пайымдаған.
Бұлағың боп
өзегіңе
нәр беремін,
сайыңда ағам.
Жиырмасында
өркенді өрен,
сары белдеу сайын далам,
топырағыңа тіл бітірсе,
айта алар ең жәйін заман.
Көкірегімді құрсап келген
Тілімдеген жүрегімді
Менің құсам жайында сен...
Айта алар ең, сайын далам.
Озбырлықтан, кектен азат
Болашағын пайымдаған
Кемелденген күні жарқын
Сары белдеу сайын далам!
Сары белдеу сайын далам,
Бақ пен сорын пайымдаған.
Бұлағың боп
сыңғыр қағам,
Құлдыраңдап,
сайыңда ағам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем шықты

  • 0
  • 0

Көктем шықты,
жадырады,
күлді күн,
Жарық аспан

Толық

Зейнеге

  • 0
  • 0

Асыл, жақұт су түбінде
Дегендері жалған екен,
Сәби күліп қарамаса,
Басқа бақыт алдау екен!

Толық

Ақтүтек боран...

  • 0
  • 0

Ақ түтек боран, амалың қалмай,
күйемен күресудесің,
Ақ әлем арман, әлеміш жалған –
итжығыс халде күй кешіп,

Толық

Қарап көріңіз