Өлең, жыр, ақындар

Өмірді балап көктемге...

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 401
Уақыт байыз тапқандай,
байырқап тұр-ау жел баяу.
Желе жортып келеді
Мұңды Асан мінген желмая.
Шындық екен, қайтейін,
жалғандығы – жалғанның.
Жұмыр жер – сынақ алаңы,
айлағы асыл арманның.
Жаз өтсе, келіп түсер күз,
алмасар қыспен қары бар.
Аманатқа алған өмірдің
шың-құзы, терең жары бар.
Талпынсам-дағы шыңдарға,
құзынан жүрмін қаймығып.
Теңізде өскен жан едім,
аңсаймын жиі айдынын.
Өмірді балап көктемге,
күн кештім нулы бөктерде...
Биіктен таба алмасаң,
іздеңдер тереңдіктерден.
...Жылжиды баппен уақыт,
еседі самал жел баяу.
Өмірдің көшін артып ап,
асады қырдан желмая.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әппақ жолды аңсағанмен, ізсіз жүруге үйренбедік

  • 0
  • 0

Әппақ жолды аңсағанмен, ізсіз жүруге үйренбедік,
Сайрап жатқан із барында білгішсініп сүйреңдедік,
Ізге сеніп жолға шықсақ - сүрлеу жатса соқпағы анық,
Бағыт таңдап алдық досым, тоқтамалық, тоқтамалық.

Толық

Алатау ақ сәлдесін орап алған

  • 0
  • 0

Алатау ақ сәлдесін орап алған,
Ақ шапан иығына қона қалған,
Сардарға мойын бұрған өңкей сарбаз
Шыңдар да ақ иықты бола қалған.

Толық

Тәуекел

  • 0
  • 0

Кісілік сабақтан басталған қадамым,
көлгірлік, зеңгірлік дегеннен адамын,
құлагер, ақтаңгер, күреңдер жиналған алаңға
жорғама терлік сап барармын...

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер