Өлең, жыр, ақындар

Шын махаббат – тәңір сый-сыбағасы

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 571
Шын махаббат – тәңір сый-сыбағасы
Пайғамбардан басталған әдеп басы.
Адам ата дұға етіп сұрап алған
Адамзаттың деседі, Хауа анасын!
Махаббатсыз өмірді – өмір деме,
Адам келген өмірге өмір себе!
Махаббатсыз жұптасса екі дара,
Жүректерге қадалар темір жебе!
Шын махаббат – дертіңнің дауасы, біл
Махаббатсыз құр босқа таласып жүр.
Татулықтың кісіден кілтін сұрап,
Сыйласа алмай, сандалып, бал ашып жүр!
Бірін-бірі қимайтын іңкәр жандар
Жүректері табысып жұпталғандар.
Сергігендер жандары уайымнан,
Сыйға алғандар сыбаға құдайынан...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағы да Інжуге

  • 0
  • 0

Менің опа-далабым,
Тап-тұйнақтай орнында.
Үйде жүрсең ғажабым
Шашар едің оңдырмай.

Толық

Дәрмен

  • 0
  • 0

Елеусіздеу бір шоқы
Тау деуге де болады,
Аласартқан адамға –
Қоңырайған бір төбе,

Толық

Өзім жайлы...

  • 0
  • 0

Боз жусан дала-анамның,
Иітіп төсін туғанмын,
Далиған дала етегін,
Жиектеп сағым қуғанмын.

Толық

Қарап көріңіз