Өлең, жыр, ақындар

Кербез кеш мамырлап кеп...

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 318
Бүр жарып бұта гүлдеген
көгілдір көктем еді,
бір шуақ ақша бұлттың
бетінен өппек еді...
Қызарып, күн кірпігін
көтермей, төмен қарап,
қымсынған кешкі керім
көріністі тамашалап,
қиялға батқан кезім.
Осы кез – қас-қағым сәт,
барлаушы көңіл үшін,
өлшесек уақытпен – кешкіғұрым.
Әнші құс нәзік талдың білегін талдырған сәт...
Кербез кеш мамырлап кеп,
шымылдық ысырған сәт,
ымырттың уыз қылық мысы басып
құштарлық ақ кептерін ұшырған сәт.
Тал мүсін қыздың белі қыналған шақ,
Бейкүнә періштелік сыналған сәт.
Пәк сезім құмарлықпен арбасқан сәт.
Ып-ыстық алақандар
буынсыз биші болып бұралған сәт.
Сананы діріл билеп,
батылдық ымдаған сәт,
бір-бірлеп жұлдыз сөніп,
әлсіз жарық бәлсініп бұлданған сәт...
...Жұлдыздар тұра қашып,
жауһар шық шашылған сәт.
Патшасы көк жүзінің Күн оянып,
зер сала төңіректі зерделеп бір шолған сәт...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күрең домбыра

  • 0
  • 0

Жыр - тұлпардың тұяғының дүбіріндей екпінді
Тебірентпей қоймайтұғын сөз ұғатын тектіңді.
Жыр толқытса ақыныңды әсерлі өлең өретін,
Шанағынан шашыратып шуақты әуен төгетін,

Толық

Айдарханға

  • 0
  • 0

Бір шөтке шаш –
Мақтанышы,
Мұрагері атаның,
Аты Айдархан сол мықтының,

Толық

Аршыл деймін, патша көңілім

  • 0
  • 0

Аршыл деймін, патша көңілім,
Көңіл кірі не берер!
Аршыл сен де қос жанарым,
Шел қаптаған не берер,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар