Өлең, жыр, ақындар

Жын мен жыр

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 293
(Біржан салдың рухына)
Еліріп емес, еңіреп
ақындар туды, ақындар!
Ақынды шабыт қысқанын
ұғыпты қашан жақындар!
Кісенге қолын қидырып,
«жын буған» басын идіріп,
Сүлесоқ күйде сүлдерін
сүйретіп, «есін жидырып»,
Қалыпқа салып қалқайтқан -
жазулы тарих-салт айтқан.
Өзгерген содан не көрдім –
«арқасыз» қалған ақыннан
арқасыз туған жыр көрдім,
Жыр киесі атанған,
қағынып келіп ақынға,
қаңғып бір жүрген «жын» көрдім.
Жыр оқу – әріп тану ма,
үйрендік қалыптануға,
Жағалап жүрген жын көрсем –
құмармын «сауға» сұратып,
жыр-мәйек алып қалуға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кім бөтен?

  • 0
  • 0

Әйтеуір, біреуміз бөтенбіз,
Қайсымыз сыр берер екенбіз
Әзірге тастаймыз, бекембіз...
Тоғыспай тұрса жол, не етерміз

Толық

Қырық құдық (Орпа ұлына)

  • 0
  • 0

Қырық құдық арасында
Қырық шілтен қорғап өскен,
Дала әуенін даладай кең
Көкірегінде толғап өскен.

Толық

Кішкентай Зейне

  • 0
  • 0

Атасын өзі көрген жоқ,
Әжесін іші таниды.
Әкесін көрсе құлпырар
Пәк-періште жан игі.

Толық

Қарап көріңіз