Мақал-мәтелдер жинағы

Барлығы: 9 949

Мақал-мәтелдер – қазақ халқының өмір тәжірибесінен туған, тәрбиелік мәні зор халық даналығы. Бұл бөлімде түрлі тақырыптағы мақал мәтелдер, мағыналы нақыл тіркестер және күнделікті өмірде қолдануға болатын қысқа да нұсқа сөздер жинақталған.

Егер сіз қазақша мақал мәтелдер, мақал мәтелдер жинағы, тәрбиелік мәні бар мәтелдер немесе сабаққа керек халық даналығын іздесеңіз, осы бөлімнен табасыз. Мұндағы мақал-мәтелдер тұрақты түрде толықтырылып, жаңа үлгілер қосылып отырады.

Соңғы енгізілген мақал-мәтелдер

Достық, дос туралы мақал-мәтелдер:

Дос жылатып айтады, душпан күлдіртіп айтады.

Жаман достан мың сақтан.

Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.

Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды.

Дос та дос, дұшпан да дос мал барында.

Ағаш тамырымен мықты, Адам дос-жарымен мықты.

Ілмектер: Достық, дос, достық туралы мақал-мәтелдер, достық туралы мақал-мәтел, мақал-мәтелдер
WhatsApp Telegram

Отан, ел, қоғам туралы мақал-мәтелдер

Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы.
***
Туған жердей жер болмас,
туған елдей ел болмас.
***
Отанды сүю — от басынан басталады.
***
Отан оттан да ыстық.
***
Ел іші — алтын бесік.
***
Пәлен жерде алтын бар,
өз жеріңдей қайда бар.
***
Ел-елдің бәрі жақсы,
өз елің бәрінен де жақсы.
***
Ел аралаған сыншы болады,
тоғай аралаған үйші болады.
***
Әркімнің өз жері —жұмақ.
***
Ер — елінде, гүл —жерінде.
***
Өз елінде көртышқан да батыр.
***
Өз елінің иті де қадірлі.
***
Туған жердің қадірін,
шетте жүрсең білерсің.
***
Ауыл итінің құйрығы қайқы.
***
Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
***
Үйде оңбаған, түзде де оңбайды.
***
Құртақандай торғай да,
өз ұясын қорғайды.
***
Бақа көлінде патша,
балық суында патша,
жігіт елінде патша.
***
Пәлен жерде алтын бар,
іздеп барсаң мыс та жоқ.
***
Елінен безген ер болмас,
көлінен безген қаз болмас.
***
Сағынған елін аңсайды,
сары ала қаз көлін аңсайды.
***
Ат айналып қазығын табар,
ер айналып елін табар.
***
Адасқанның айыбы жоқ,
қайтып үйірін тапқан соң.
***
Жат жердің қаршығасынан,
өз еліңнің қарғасы артық.
***
Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
елінен айырылған өлгенше жылайды.
***
Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
***
Кісі елінде сұлтан болғанша,
өз еліңде ұлтан бол.
******
Орағың өткір болса, қарың талмайды,
Отаның берік болса, жауың алмайды.
***
Туған жердің ауасы да шипа.
***
Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
***
Егілмеген жер жетім,
елінен айырылған ер жетім.
***
Отанға опасыздық еткенің,
өз түбіңе өзің жеткенің.
***
Туған жерге туың тік.
***
Жақсы жігіт жер шолып,
ақыр түбі айналар.
***
Туған жердің күні де ыстық,
түні де ыстық.
***
Ат үйірін сағынса, артқы аяғын қағынар,
ер үйрін сағынса, айыл-тұрман тағынар.
***
Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.
***
Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас,
үйірінен қаңғыған тұлпар оңбас.
***
Ел іші алтын бесік.
***
Өз елімнің басы болмасам да,
сайының тасы болайын.
***
Құлан өз қағынан өзі жерімес.
***
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
***
Айырылған ел тозады,
қосылған ел озады.
***
Адассаң еліңмен адас.
***
Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.
***
Әр елдің заңы басқа,
иттері қара қасқа.
***
Бейбіт елде береке бар.
***
Бірлігі жоқ ел тозар, бірлігі күшті ел озар.
***
Бозбала бастаған ел оңбас,
құралай бастаған киік оңбас.
***
Бүлінген елден бүлдіргі алма.
***
Болар елдің баласы, бірін-бірі батырым дейді,
тозар еддің баласы, бірін-бірі қатыным дейді.
***
Айырылма жұртым, үйіріңнен,
айырылсаң үйіріңнен, қолың кетпес бүйіріңнен.
***
Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас,
басшысыз елде береке болмас.
***
Ел ағасыз болмайды,
су сағасыз болмайды.
***
Ел алмаған орнында елу жыл жатады.
***
Ел аузы —дуалы.
Ел аузына қақпақ болмайсың.
***
Туған жердің жуасы да тәтті.
***
Ел барда ер қор болмас,
ер барда ел қор болмас.
***
Елдің ерлігі ерінен танылар,
елдің байлығы жерінен танылар.
***
Ел ебелек емес, ер көбелек емес.
***
Ел қадірін білмеген — зәнталақ,
көл қадірін білмеген — дуадақ.
***
Ел құлағы елу.
******
Ел қонысынан айырылса,
ер қонысынан айырылады.
***
Ел алдына шықпаңыз,
түндікті дұшпан ашпасқа,
ел соңында қалмаңыз,
көзіңді шыбын баспасқа,
ел ортадан кетпеңіз,
қарыныңыз ашпасқа.
***
Ел-елдің түбі бір, ер-ердің тілегі бір.
***
Ел жасымен көрікті,
тау тасымен көрікті,
аяқ асымен көрікті.
***
Ел даусыз болмас, жер жаусыз болмас.
***
Ел іші — береке, көп ісі — мереке.
***
Ер қозғалса, жер көтермес ауыр бар,
жел қозғалса, қарлы боран дауылы бар.
***
Ел ұрысыз болмас, жер бөрісіз болмас.
***
Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас.
***
Ел үмітін ел ақтар. ер атағын ел сақтар.
***
Ел үшін еркек кіндік құрбандық.
Ел — ырыстың кілті,
ер — ырыстың қорғаны.
***
Иті семіз, малы арық — жер азғаны,
ынтымағы болмаса — ел азғаны.
***
Елдің көркі ерімен,
жердің көркі шөбімен.
***
Ел шетіне жау келсе,
арыстандай айбарлы,
батырлардың бары игі.
***
Елде болса ерінге тиер,
ауылда болса ауызға тиер.
***
Елің жаман болса,
бір жақсыны сағала,
атың жаман болса,
ақ текенің мүйізімен тағала.
***
Елшіге өлім жоқ.
***
Елдестірмек елшіден,
жауластырмақ жаушыдан.
***
Елдің күші — елу батпан.
***
Елің еміренсе, сен тебірен.
***
Елін сатып асаған, екі күн-ақ жасаған.
***
Едді сөкпе, кенді төкпе.
***
Ел мен ел қосылады,
тау мен тау қосылмайды.
***
Ердің ісі елдің мойнында,
елдің ісі ердің қолында.
***
Елу жылда ел жаңа, жүз жылда — қазан.
***
Есі бүтін елден кетпес.
***
Есің бар да елің тап,
есер болмай, етек жап.
***
Естімеген елде көп.
Ерден аспақ бар, елден аспақ жоқ.
***
Ерден безсең де елден безбе!
***
Ердің сыншысы — елі.
***
Жолдасын таппаған ер азады,
басшысын таппаған ел азады.
***
Жер таусыз болмас, ел хансыз болмас.
***
Жігіті жүзге жеткен елді,
жүзі қара кемітер.
***
Елмен көгерген еленбес.
***
Жұрт бойдаққа қалды,
жүк тайлаққа қалды.
***
Жұрт ауызы — уәлі.
***
Жұртымның жұртында қалайын.
***
Кеңесті ел кем болмас.
***
Кең киім тозбайды, кеңесті ел азбайды.
***
Кеңескен ел азбайды, кен пішкен киім тозбайды.
***
Кісі елінде күркірегенше,
өз еліңде сіркіре.
***
Көлден кетсе жалбыз мұң,
елден кетсе, жалғыз мұң.
***
Опасызда отан жоқ.
***
Қалыптан шықсаң да, халықтан шықпа.
***
Қайраны жоқ көлден без,
қайырымы жоқ елден без.
***
Қара жерді жамандама,
қайтып сонда барарсың,
қауым елді жамандама,
қарғысына қаларсың.
***
Қатты жерге қақ тұрар,
ынтымақты елде бақ тұрар.
***
Қармақтың дәні болғанша,
бидайдың сабаны бол,
жаман елдің жақсысы болғанша,
жақсы елдің жаманы бол.
***
Ынтымақты елге ешкім жетпес,
ынтымағы кетсе, өкініші кетпес.
***
Менде болсын,
менде болмаса елде болсын.
***
Миға ерген дене азбайды,
милыға ерген ел азбайды.
***
Отан үшін отқа түс, күймейсің,
арың үшін арпалыс, өлмейсің.
***
Отансыз ұл — ормансыз бұлбұл.
***
Өз елім — алтын бесік,
жат елдің — түбі тесік.
***
Өз жұртын танымаған,
кісі еліне би бола алмас.
***
Саудагер — қасық, ел — теңіз.
***
Өзгеге ұл болғанша, өз еліңе құл бол.
***
Өзім үшін туыппын,
жұртым үшін өліппін.
***
Өз елімнің басымын,
басы болмасам сайының тасымын.
***
Өкпеден тиген жел жаман,
елінен безген ер жаман.
***
Ұлықсыз жұрт — бассыз дене.
***
Тау белгісі тас болар,
бай белгісі ас болар,
азған елдің белгісі —
біріне-бірі қас болар.
Шетте жүрсең тарығарсың,
туған елді сағынарсың.
***
Қасықтап алғанмен көл таусылмайды,
қанша ұры алғанмен ел таусылмайды.

Ілмектер: Отан, ел, Қоғам, мақал-мәтелдер, қоғам туралы мақал-мәтелдер
WhatsApp Telegram

Сауда, үнемшілік туралы мақал-мәтелдер

Сау басын саудаға салды

*** *** *** ***

Сауда сақал сипағанша

*** *** *** ***

Саудаға достық жүрмейді

*** *** *** ***

Сауда түбі — борыш, шаруа түбі — кеніш

*** *** *** ***

Базарда мың кісіні көреді,
Әркім сүйгеніне сәлем береді.

*** *** *** ***

Үйдегі есепті
Базардағы нарық бұзар.

*** *** *** ***

Сөзіңе қарап саудагер екеніңді білдім.

*** *** *** ***

Теңге тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.

*** *** *** ***

Есепсіз дүние жоқ.

*** *** *** ***

Жыраққа қойсаң жақыннан аларсың.

*** *** *** ***

Түстік өмірің болса, кештік мал жина.

*** *** *** ***

Алтын тапсаң санап ал.

*** *** *** ***

Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.

*** *** *** ***

Ескі киімді баптағаның,
Жаңа киімді сақтағаның.

*** *** *** ***

Қолда барда алтынның қадірі жоқ.

*** *** *** ***

Тамшыдан тама берсе дария болар.

*** *** *** ***

Судың да сұрауы бар.

*** *** *** ***

Есептемегенге бәрі түгел.

*** *** *** ***

Сауып ішсең мың күндік,
Сойып жесең бір күндік.

*** *** *** ***

Үзіп жеген үнемге жатпайды.

*** *** *** ***

Қасықтап жинағанды шөміштеп төкпе.

*** *** *** ***

Базары жақын байымас.

*** *** *** ***

Қолдағының құны жоқ.

*** *** *** ***

Жаман қойшы жайлауынан бір күн жейді,
Жақсы қойшы жайлауынан мы ң күн жейді.

*** *** *** ***

Шашу оңай, жинау қиын.

Ілмектер: Сауда, үнемшілік туралы мақал-мәтелдер, мақал-мәтелдер, базар, есеп, нарық
WhatsApp Telegram

Отансыз адам әуенсіз бұлбұлмен тең.

Ілмектер: орыс мақалы, Отан, адам, мақал - мәтелдер
WhatsApp Telegram

Опасызда oтан жоқ.

Ілмектер: отан туралы, Отан, опасыз
WhatsApp Telegram

Қыдырдың бірі -
Көлденең көк атты.

Мақалдың мағынасы мен түсіндірмесі
"Қыдырдың бірі - Көлденең көк атты" мақалы қазақ халқында кездесетін сөз тіркестерінің бірі. Бұл мақалда "Қыдыр" – бақыт пен жақсылықтың, ырыс пен берекенің символы ретінде қабылданады. Ал "көлденең көк атты" дегеніміз – күтпеген жерден пайда болатын, әдеттен тыс жағдай немесе бір белгісіз адамның арқасында келетін өзгерістерді меңзеп тұр.

Мақалдың мағынасы – бақыт, ырыс, немесе сәттілік күтпеген жерден, күтпеген адам арқылы қол жеткізілетінін білдіреді. Яғни, жақсылықты, сәттілікті бір жерден күтсең де, ол мүлдем басқа бет-бейнемен, күтпеген жағдайда келе алатынын аңғартады. Бұл қазақ мәдениетінде кездейсоқ сәттіліктің, тосын сыйдың маңызын көрсетеді.

Ілмектер: Қыдыр, бақыт, ырыс, Сәттілік
WhatsApp Telegram

Адамдар негізі өзгерер,
Өзгертетін оны өзгелер,
Жаураған жанға адасқан
Жылыту керек сөзбенен!

Ілмектер: Адам, өзгеріс, өзгелер, жан, жылу, сөз, жүрек, адасу, жаурау, жылыту
WhatsApp Telegram

Пысық болам деп, артықпенен арам жеп!

Ілмектер: Пысық, артық, арам, жем, еңбек, адалдық, ұрлық, тойымсыздық, әдеп, тәртіп
WhatsApp Telegram

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Ілмектер: – Үлкен кісілердің өнегесін алу – ізгілік жолы.
WhatsApp Telegram

Көре-көре көсем болар, сөйлей-сөйлей шешен болар.

Ілмектер: – Тәрбиенің үлкені – тәжірибе мен ортадан үйрену.
WhatsApp Telegram

Кісі көркі – жүзінде, кісі сымбаты – ісінде.

Ілмектер: — Адамның шын тәрбиесі тек сөзінде емес, іс-қимылында көрінеді.
WhatsApp Telegram

Сөз қуған — іс қумаған

Ілмектер: бос сөз, көп сөйлеу, іске жақын болмау
WhatsApp Telegram

Ағайынның алтын сарайынан
Ананың жыртық лашығы артық.

Ілмектер: ана, ағайын, алтын, сарай, лашық, мақал, Мақал-мәтел
WhatsApp Telegram

Сыныққа - сылтау.

Ілмектер: Әр түрлі сылтау айтып, істі орындағысы келмеген адам.
WhatsApp Telegram

Жер екеш жер де ауырады.

Ілмектер: жер, ауру, мақал, мәтел
WhatsApp Telegram

Жеріңе жақсылық қылғаның –
Тасты дей бер қырманың.

Ілмектер: жер, жақмылық, қырман
WhatsApp Telegram

Елін сүйген ерлік істейді.

Ілмектер: отан, ел, мақал, мәтел, ерлік
WhatsApp Telegram

Жылқының сүті – шекер, еті – бал.

Ілмектер: жылқы, сүт, шекер, ет, бал, жылқы туралы мақал, ат туралы мақал, мәтел, Мақал-мәтел
WhatsApp Telegram

Тауып айтқан сөзге құн жетпейді,
Біліп айтқан сөзге мін жетпейді.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, құн, мін, мақал, мәтел, сөз туралы мақал, шешендік өнер
WhatsApp Telegram

Жақсы сөз жаныңды жадыратады,
Жаман сөз уайымға салындырады.

Ілмектер: жақсы, жаман, сөз, жан, уайым, мақал
WhatsApp Telegram

Билердің сөзі – ақылдың көзі.

Ілмектер: би, сөз, ақыл, көз, мақал, мәтел
WhatsApp Telegram

Кім тым алыс көрсе, жүрегі мазасыз. Алдын ала ештеңе туралы мұңаймаңыз және әлі жоқ нәрсеге қуанбаңыз.

Ілмектер: мысыр мақалы, көру, қуану, маза, мұң
WhatsApp Telegram

Егер оны байланыстыратын тізбектер жағымды болса, әйел екі есе байланады.

Ілмектер: мысыр мақалы, әйел, тізбек
WhatsApp Telegram

Егер сіз жамандықты түзетпесеңіз, ол екі есе артады.

Ілмектер: жамандық, мысыр мақалы, арту, түзету
WhatsApp Telegram

Кім сұрайды, ол адаспайды.

Ілмектер: мысыр мақалы, сұрау, адасу
WhatsApp Telegram

Адамдар сені жақсы көруі үшін адамдарды сүй.

Ілмектер: мысыр мақалы, сүю, жақсы көру, адамдар
WhatsApp Telegram

Кім раушан гүлін алғысы келсе, тікенектерге төзуі керек.

Ілмектер: мысыр мақалы, гүл, тікенек, төзу, төзім
WhatsApp Telegram

Тек мумия үнсіз зардап шегеді.

Ілмектер: мысыр мақалы, мумия, зардап
WhatsApp Telegram

Ақыл — бұл күштен әлдеқайда көп нәрсе. Күш пайдасыз жерде ақыл көмектеседі.

Ілмектер: мысыр мақалы, ақыл, күш
WhatsApp Telegram

Сіздің істеріңіз — сіздің ескерткішіңіз.

Ілмектер: мысыр мақалы, іс, ескерткіш
WhatsApp Telegram

Мақал-мәтелдер

Бұл бөлімде қазақ халқының даналығын көрсететін мақал-мәтелдер жинақталған. Мұнда тәрбие, еңбек, білім, бірлік және адамгершілік туралы мағыналы сөздер берілген.

Егер сіз қазақша мақал-мәтелдер немесе сабаққа керек қысқа әрі нұсқа халық даналығын іздесеңіз, осы беттен табасыз.

Мақал-мәтелдер туралы жиі қойылатын сұрақтар

Мақал-мәтелдер бұл бөлімде қандай тақырыптарды қамтиды?

Бұл бөлімде тәрбие, еңбек, білім, бірлік, адамгершілік және күнделікті өмірге қатысты мақал-мәтелдер жинақталған.

Қазақша мақал-мәтелдер сабаққа қолдануға келе ме?

Иә, мұндағы мақал-мәтелдерді сабаққа, тәрбие сағатына, шығармаға және түрлі оқу тапсырмаларына пайдалануға болады.

Бұл беттегі мақал-мәтелдер жаңартылып тұра ма?

Иә, бөлімге жаңа мақал-мәтелдер кезең-кезеңімен қосылып, жинақ толықтырылып отырады.