Өлең, жыр, ақындар

Айдарханға

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 365
Бір шөтке шаш –
Мақтанышы,
Мұрагері атаның,
Аты Айдархан сол мықтының,
Сұрап алар батаны.
Айдар шашы қайратты екен,
Көзқарасы айбарлы.
Тіл мен көзден аман өссін,
Шежіреге аты байланып.
Жиені боп бір мықтының,
Атын шығар алашқа,
Беріш сенің түпқазығың,
Ата жолдан адаспа!
«Сұлтаны боп өсер деген
Менің ұлым жігіттің»
Арманында жатыр әке
Ең ұлысы үміттің!
Ел үлгісін сақтай алсаң,
Әке үмітін ақтарың шын.
Алған батаң қабыл болсын,
Ырыс қонып, бақ дарысын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күнім менің

  • 0
  • 0

Есіңде ме,
Түйдек ой тұтқиылдан
атойлап мазамды алып,
мүдірген сәттерімде,

Толық

Салыстыру

  • 0
  • 0

Теледидар көрсетті, кілең қара қайыстай
Күн қақтаған шыжғырып, ересегі талыстай –
түз баласын шалғайдан...
Бар өмірі түзде өткен қазағымнан аумайды, ә!

Толық

Толқын, толқын, толқын

  • 0
  • 0

Толқын, толқын, толқын,
толқын, толқын жыр,
Толқып-толқып соғатұғын жар таппай,
Тар кемерде шалқи алмай, тасымай

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер