Өлең, жыр, ақындар

Сені аядым...

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 194
«Бөлшектенсе, жан-дүние бөлшектенсін,
Көрінбесе, кім оны өлшеп көрсін,
Түгел болсам сырт көзге, болды» - дедің
Жұрттың көзін өзіңе өлшем көріп...
Түтін бықсып ішімде, жатсын мейлі,
Топан лықсып жүректе, тассын мейлі,
Сыр бермей сыртымды-ақ бүтіндейін,
Жанарды мұң қатпары бассын мейлі...
Қымсынбай бақыт жәйлі тайталасып,
Жұрт «бақытты» деп айтса, жайқалатын,
Көлгірлер беретұғын арзан баға,
Сен үшін қымбат болса – не айта аласың...
Жасқанбай қоса аламын жыр-дестеме
Өз «сорымды» мен өзім құрметпенен.
Жалғандық ұя салып қоймасын деп
Шындық атты шаңырақ-жыр киемнің
уықтарын үбектеп үрлеп келем!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өр Алтай

  • 0
  • 0

Тіршілік пен әсемдік ұғысқалы –
Бір шынар асқақ Алтай шығыстағы
Тербеткен кеудесінде кенді өлкені
Жер-Алып алтын бесік тыныстады.

Толық

Жұбанбай-ақ қояр ем

  • 0
  • 0

Жылағаннан келер болсаң
Жұбанбай-ақ қояр ем!
Өзің қайтып келер жолға
Телмірумен солар ем!

Толық

Ерболжанға

  • 0
  • 0

Әке болған балапаным,
Құшағыңда – өз балапаның
Аман өссін өзіңдей боп,
Атасының көзіндей боп!

Толық

Қарап көріңіз