Өлең, жыр, ақындар

Ақ пен қара

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 723
Ақ парақтан оқыдым қара жазу анық шын.
Ақ-қарасын өмірдің бір кісідей таныппын.
Ал, дегенмен, тірлікте – ұнатсам да бар түсті
Ақ пен қара бояудың күмілжіген қоспасы -
сұрқай түспен мен осы кете алмадым достасып,
кете алмадым және де біржолата қоштасып.
Экранға ақ түсті қара әріп тергенім,
Ақ қағазға ой тізу болып алды ермегім.
Жазу, жазу, көп жазу қиын емес ол да аса.
Қиын емес: ойлардың серкесі жоқ көп қойдай
шашырайтыны болмаса.
Ақ қағазда жоқ кінә, әріп шіркін момақан.
Мен де жуас қазақпын түпкі тегім боз ата,
Ал, қызықпын кейде мен: Мазамды алса ой дауыл,
сөз боранын боратам!!
Бояу жәйлі қозғалса ой, болмағаны бекерге
Бояуда емес әңгіме, қоспасында екен де.
Ал, қызықпыз кейде біз:
Адалдықты айтсақ та ақты көзге ілмейміз.
Бадырайған қараның қаралығын білмейміз.
Аққа қара тамызып, жуасытып тазаны,
Тиесілі қараға тең бөлеміз жазаны.
«А» деп аузын ашса Ақ көмекейі көрінген.
Екінші әріп – «қ» келіп, Қара жаққа бөлінген.
Затта қалмай тұтастық, түс айқындық таппаған,
Аққа күйе қалмады, біле тұра жақпаған...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкжиектен күлімдеп шықты күнім

  • 0
  • 0

Көкжиектен күлімдеп шықты күнім.
Әппақ гүлдің ернінде қалған тұнып,
Мөп-мөлдір шық етеді жымың-жымың.
Ағытылды жүректен бұла жырым.

Толық

Өң мен түс

  • 0
  • 0

Биікте тұрмын таң алды,
Тыныштық, ұйқы тоналды,
Құзырына бағын, әмірдің
Тыныштық сенің неңді алды,

Толық

Дедің бе екен?

  • 0
  • 0

Алма-кезек дүние
салтын ұқсын дедің бе?
Алды-артыңды бағамда,
жарты міскін, дедің бе?

Толық

Қарап көріңіз