Өлең, жыр, ақындар

Қызыл шатқал, қызыл шатқал...

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 311
Жан-жағың құз, қызыл шатқал,
Өрлеп кімдер жетіп еді?
Күнгей шатқал биігіңнен
Еңлік тере кетіп еді,
Оралды ма сонау жақтан,
Шық кешкендер толарсақтан?..
Әлде қыран қиясына
Қиянат қып ұясына
Оқ атты ма жаңғырықпен,
Қарау ниет қорамсақтан!
Шатқал биік, биік шатқал,
Күн қақтаған, мұз сақтаған,
Жатад деуші ед үнсіз сені
Жаңғырықтан үзіп алып
Үзік-үзік үн сақтаған...
Биік шарлап келгендер көп,
Қиял кезіп өлгендер тек...
Не деп еді, ақырғы рет,
Сақталды ма нақ солардан
Құзар шыңда ақырғы леп?
Мен де бірі едім соның,
Болар дегем, болар жолым...
Өз үнімді қалдырайын,
Шың құлағын тұндырайын...
Ол да шықты, дерсің шыңға,
Шашы ағарған бір мұңлығың
Жыр жолында жеген уайым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қысқы бақта

  • 0
  • 0

Төңіректі қырау қымтап қыс келді,
Жер менен көк әппақ шаңқан түске енді.
Ақ сәукеле, сұлу мүсін – жарастық,
Кербез сұлу жасыл шырша түрленді.

Толық

Имандылық жүрекке орнығуын тілесек

  • 0
  • 0

Имандылық жүрекке орнығуын тілесек,
Әліпбиден бастайық, ежіктеуден қашпайық,
Әр елде ашқан сауатын, сол елде қаққан қанатын,
Діни әлем көгінде шығарар әркім өз атын...

Толық

Не айта аласың?

  • 0
  • 0

Жүрегің алып-ұшып,
сабырмен тайталасып,
Бір есім тіл ұшында
деп тұрса, қайталасын!

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер