Өлең, жыр, ақындар

Қорқыныш

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 438
Жұлдыз арман болмай қалды,
Көктен жерге түскелі.
Қол созғандар ұстап алса,
Кепиетті деп пе едің?
Енді Ай түссе, бір күндері,
Ғарышқа не дер екенбіз.
Бет жоқ бізде, арсалаңдап
Жүре берер ме екенбіз?!
Жұлдыз, жұлдыз өріп жүрген
Көптің бірі боп алды ма?
Кетті ме өмір биіктеп тым,
Әлде биік жоғалды ма???
Жұлдыздарды шоғыр-шоғыр
Аспан жиып ап кетер ме,
Жерге түссе, барлық жұлдыз,
Аспан жерге жалп етер ме?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тамылжып бұлбұл салар ән

  • 0
  • 0

Тамылжып бұлбұл салар ән,
Таңдарды таңға жалғатып.
Таңғы асқа құны татитын,
Таңғы ауаң қайда Алматым?

Толық

Әсерлер әсер ете алмай

  • 0
  • 0

Әсерлер әсер ете алмай,
Сүлесоқ жүрмін, сүлесоқ,
Жазғырғың келсе, өзің біл,
Жазықты десең, дүре соқ!

Толық

Азаттық

  • 0
  • 0

Азаптаған жанымды ойларымды саралап,
Көрейінші жік-жігін көз тоқтата даралап.
Жайлы қоныс тепкендей көкейіме орныққан
Оқта-текте су бүркіп тұратын ой қолтықтан,

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер