Өлең, жыр, ақындар

З-ға

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 425
Жан досым...
қиын боп тұр, рухым жүдеп,
Осыдан кетпесе екен дертім үдеп.
Риясыз үміт артып сенгеннен соң,
Кету де қиын екен күдерсіз боп.
Тым сенгіш, аңғалмысың қайран көңіл,
шамшырақ адалдарға берген өмір.
Шам-дағы жарқырамас май таусылса,
Қалады бір жалп етіп кенет сөніп.
Бір-бірін тілектес жан жүрер қолдап,
Білімсіз сызданар дос атын қорлап.
Астамшыл иілмейтін қуыс кеуде –
Мұндайды тілің келмес досым деуге.
Меніңше, «дос» деген сөз – «қос» деген сөз
Қадірі ешқашан да өшпеген сөз.
Іздейтін ақ жүректі досың болмай
Сыңар жүріп қуану бос деген сөз.
Көңілден көңіл шөлін баса алмаса,
Әлжуаз тартып жүрек әл таяды,
Байқасаң, жапырақ та жүрек пішін,
Тамырдан нәр алмаса сарғаяды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жыландыға барғанда...

  • 0
  • 0

Қыз ерітер жүректен мұзды деуші еді,
Жылатуға болмайды қызды деуші еді,
Сағынышпен келгенде қыз төркінге
Сыбағасы сақтаулы тұрды деуші еді.

Толық

Толқыдым

  • 0
  • 0

Толқытып кеттің жүректі,
Жадырап жаным гүл екті.
Маржанын сүзіп тереңнен
Інжуін ойлар түлетті.

Толық

Түс жору

  • 0
  • 0

Мен бір жолы айдан анық түс көрдім,
«Түс, - дейді екен - нәтижесі өңіңдегі істердің.»
Ал, сол күні нәтижесіз болды ма іс,
Әлгі айтылған тұжырымға көнбейтін,

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер