Өлең, жыр, ақындар

Ойын туралы ой

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 448
«Қақпақыл» деген ойын бар,
сенбесеңдер қойыңдар.
Қақпақылдың білмеймін,
аты қалай қойылған.
Емес, сірә есею – тойғандықтан ойынға
Ойынқұмар басымыз, болып алды ойқұмар...
Кірмей қоймас тегінде, дені сауға ес-ақыл
Көріп жүрміз алайда, тым ересек адамдар
Ойнағанын қақпақыл.
Тәсіл бөлек, ойын да бала кездей тұтанбас.
Қақпақылға жарап тұр
мендігі жоқ кеуде мен ойдан ада жұтаң бас.
Ойсыз басқа, шынында
ойнамаса не қалды?
Ойнауды ерсі көрмей-ақ,
ойыншыққа айналды.
Тегін емес, әрине – ақыға ойнар үлкендер,
Еркің сенде, өзің біл – сынасаң да күлсең де:
...Бала-шаға, қарттар бар...
қарын қамы, білгенге...
Үлкендердің ойыны –
шаң жұтпайтын «таза ойын».
Жүгірмейді далаңдап,
аунамайды алаңда,
Ұпайға емес, бірақ та
Мәз болады «ойыннан»
жүргеніне аман қап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағы да Інжуге

  • 0
  • 0

Менің опа-далабым,
Тап-тұйнақтай орнында.
Үйде жүрсең ғажабым
Шашар едің оңдырмай.

Толық

Ақын рухымен сырласу

  • 0
  • 0

Ашық алаң, әппақ қардың үстінде
арман толы жүректерді нұр шалып,
сенің жырың – «...Елім менің...» екпіндеп,
жігер жанып жеткен жоқ па еді жеңіске

Толық

Ерболжанға

  • 0
  • 0

Әке болған балапаным,
Құшағыңда – өз балапаның
Аман өссін өзіңдей боп,
Атасының көзіндей боп!

Толық

Қарап көріңіз