Өлең, жыр, ақындар

Өткінші, бәрі де өткінші...

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1412
Дауыл да, дауың да, тайталас,
Жауын да, жауың да, бағың да,
тағың да – бәрі де,
Бәрі де өткінші!
Өткінші дегенге көнбесең, жағалас,
майдан аш!
Оның да өткінші!!!
Тынады дауыл да ұшырып болғасын,
Тынады дауың да – әділді әділет қолдасын!
Тынады тайталас – біреуі тізесін бүккесін,
Біреудің жігерін құм етіп үккесін.
Тынады жауын да... шаң біткен
жер қауып болғасын,
Тынады жауың да шегініп,
өзгертсең шекара нүктесін!
Бағың да таяды басыңнан, тағыңнан тайған күн.
Көрдің бе, бәрі де өткінші, ендеше,
жамандық басыңнан өтпестей,
бақ-дәулет қасыңнан кетпестей,
несіне байландың!
Өтсінші, бәрі де кетсінші!
Баянды, мен білсем, бақилық, ақырет –
Бәрінің сұрауы болғанмен,
Жар ием, сұраудан мүдірмей өтуге жақын ет.
Несібе адалдан бұйырт та,
Кедей қыл, тақыр ет –
байлықты дүние десеңіз.
Білімде кетпесін есеміз,
Бұйырсын тек қана
имансу құйылған кесеміз!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кісілерге жақынмын

  • 0
  • 0

Кісілерге жақынмын,
Кісімсінбесе!
Аулақ жүрем,
өзімді кісі көрмей –

Толық

Құбажон далам, мен келген сайын

  • 0
  • 0

Құбажон далам, мен келген сайын
құбылаға қарай көсіліп, жатасың үнсіз,
тынығып жатқан қариядай қазір көз іліп.
Тірегім далам, білемін далам, сен атамзаманғы кәрісің,

Толық

Неге бұлдыр дүние алып ұрды алыпты!?

  • 0
  • 0

Неге бұлдыр дүние алып ұрды алыпты!?
Лас тұман құшағы тұмшалайды жарықты,
Атмосфера тұнып тұр, бу мен түтін аралас,
Жер мен көкті жаулаған тұман бүгін тарамас!

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер