Өлең, жыр, ақындар

Рас, таулық емеспін

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 401
«Құзда нең бар еді» деме,
«Таулық емес, деді» деме,
Бір аңыздан оқыған ем:
«Сақтаулы тұр», - деді кеме.
Құз басына таман қалған,
Сол кемеде аман қалған
Құтқарылған лайықты
Тегім білсем, бұл айып па?
Құтқарылған асылдардың
Жұрнағымыз дегім келді,
Сол жұрнақтан сақталса егер,
Бір қасиет – тегім берді.
Набыт етсе көпті топан,
Аман қапты нысаптылар,
Қалды ма екен қазір содан,
Ұрпақтары ұқсап туған?
Айтуынша жазбалардың,
Топан жапқан жер ұқсайды,
Шел қаптаған көз ұқсайды,
Сереңдеген көлеңкелер
Бізден гөрі көп ұқсайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Інжуіме

  • 0
  • 0

Атам қайда дейсің сен
Інжу асыл лағылым.
Мен отырмын мүдіріп,
Тауым тасқа шағылып.

Толық

Несібе

  • 0
  • 0

Қалғаны шын ба көңілдің,
Жалғаны шын ба өмірдің?
Алданыш болса, қу тірлік
Қамына неге көмілдім?

Толық

Желтоқсанның бірі

  • 0
  • 0

Қонып жатыр, қонып жатыр, қонып жатыр қонақтап,
Әппақ ұлпа, әппақ желек!
Аспан әппақ, жол әппақ,
Әппақ шашу күмістелген шағылысып күнменен

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер