Өлең, жыр, ақындар

Дәрмен

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 530
Елеусіздеу бір шоқы
Тау деуге де болады,
Аласартқан адамға –
Қоңырайған бір төбе,
Шау деуге де болады...
Дәрмен жиып бардым да
Күнгейіне сол таудың
Қадап келдім қос шыбық,
Мұнар басқан шоқыға
Жан бітіріп, қосшы ғып.
Қос шыбықтан келер жыл
Терек өсті балауса.
Жапырағы жайқалса,
Жыл аралап қос терек
Көзге ілінер, айтарға.
Алғашқы жыл суардым,
Күйбең қағып, ермек қып.
Тамырланса қос шыбық
Нәр сіңірсе, тереңнен,
Мен ақ-адал терлеппін!
Табиғаттың бермесін,
Тайталасып сараңнан
Тартып алса, бермес кім?
Жер-анасы еміренсе,
Суалта алмас енді ешкім.
Қоңырқайлау биікке
Сән әкелді тіршілік,
Ұя салды келер жыл
Әлдеқайдан ұшып кеп,
Жез таңдайлы жыршы құс.
Ішің сезіп отырса,
Несін айтам ұзартып,
Әңгіменің төркіні –
Мұнар басқан тауда еді,
Қос шыбықтан тараған
Балауса бір бауда еді.
Жер томпағы төбе көп,
Сөз етті екен несіне
Шоқы, төбе, тау атап?
Қос шыбықтан кетер ме,
Орман тарап, бау атап,
Дей көрмеңіз, құрақ кіл,
Бір жасыған өмірдің
Хикаясын құлаққа іл.
Қоңырайған сол шоқы
Көңіл шыңым болатын,
Көңіл шыңның мұнары
Өмір сызы болатын,
Қоңырайып тұрмағы
Көңіл сызы болатын.
Көңіл шыңға әупірім,
Тал еккенім талаппен
Өлермендік іс еді.
Сол көшеттің бірі - Мән,
Екіншісі - Сән деген...
Дәрмен берген күш еді.
Құлазыса көңіл шың,
Мән азайып, сән кетсе,
Төңірегің тіс жарып,
Сөз ете алар көше тек...
Дәрмен жи да, сол шыңға
Шыбық шаншы, көшет ек!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Толқында тумағанмен, жағада ержеткендер

  • 0
  • 0

Толқында тумағанмен, жағада ержеткендер,
Сыңсыған аққу әні әлдилеп тербеткендер.
Інілер, аманбысың, армысың, ел деп келем,
Адамдық атын адал мақсатқа белгі еткендер.

Толық

Тағы да сен туралы

  • 0
  • 0

Өткеннің үлесі дер едім көмілген ақиқат дерегін.
Уақыттың дауылы сен едің,
жырыңмен рухымды демедің.
Жыр жаздың шуақты себелеп,

Толық

Әппақ жолды аңсағанмен, ізсіз жүруге үйренбедік

  • 0
  • 0

Әппақ жолды аңсағанмен, ізсіз жүруге үйренбедік,
Сайрап жатқан із барында білгішсініп сүйреңдедік,
Ізге сеніп жолға шықсақ - сүрлеу жатса соқпағы анық,
Бағыт таңдап алдық досым, тоқтамалық, тоқтамалық.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер