Өлең, жыр, ақындар

Тыныштық

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 489
(Тоғжан мен Айсәулеге екі ай бойы үйреніп қалыппын! Олар Душанбеге ұшып кеткенде туған өлең)

Құлаққа ұрған танадай
Орнады келіп тыныштық!
Қыздарым кетіп барады
Жүрекке дәру, тым ыстық...
Сәттісін тілеп сапардың,
Тәттісін тілеп жаһанның,
Қол бұлғап, қала бердім мен
Көңілімді жайлап қасаң мұң...
Жігерден тауып серпіліс,
Алладан сұрап еркін күш.
Еңсемді дереу түзедім,
Тәтті үміт – маған бекініс.
Терезе ашық, күн – шуақ,
Толтырды үйді жарыққа.
Тұрғандай мені жұбатып,
Келер деп тағы, қамықпа!
Толқумен әлі отырмын,
Жанымды билеп сан ырғақ!
Өзімді өзім шақырдым,
Тағат пен төзім, сабырға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Табылды суретшіге

  • 0
  • 0

«Аяз би» деп ат қойыпсың
картинаңа тамаша...
Ашық аспан, шеберлік пен
қанық бояу жарасар.

Толық

Көрмеген тыным алып бір

  • 0
  • 0

Көрмеген тыным алып бір,
Жүрсе де шаршап-шалдығып,
Жоғыңды сенің жаһаннан
Іздеумен тапқан бар қылып.

Толық

Сананы

  • 0
  • 0

Сананы
тілсіз билеген
Заманның
лебі секілді –

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер