Өлең, жыр, ақындар

Ауылға барғанда

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 512
Барып қайттық ауылға апа екеуміз:
Құм-шоқалды аралап, жусан теріп.
Гүл шатырын көтерген сүттіген мен
Жұпар иісі аңқыған бүргем көріп.
Сағыз сабақ іздеп ек, таба алмадық,
Түп сағыз да көрмедік, қаза алмадық.
Бала біткен түгесті-ау, деп жұбатып,
Өзімізді-өзіміз тағы алдадық.
Өспейді екен өңірде сағыз көптен,
Сағыз түгіл, төбеден шағыл көшкен...
Сұрықсыздау көрінді Жыланды жер
Шамарданға1 бүгінде әкем көшкен.
Әкем көшкен анасын қоңсы еткелі,
Әке-ау, көңіл бәсеңдеу сен кеткелі!
(Мынау елді, әй, қайдам, ел деп пе едің),
Қара суды пейілсіз ұсынады,
Інімменен үйімнен сен кеткелі!!!
Әруағың дәме етер, құран білем,
Құран оқып, шүкір деп тұрам кілең...
Аралауға үйді-үйді зауқым соқпас,
Пейілі тар біреулер «сұранды» дер.
Сен кеткелі ошақта от маздамайды,
Туған үйің жат болса, аз ба қайғы!
Осыменен бітсін де, бар жамандық,
Мұны ұрпаққа келешек жазбағай-ды!
Іздеп бара алмаған қиын екен,
Ізің қалған бір аула өшіп кетті.
Әл кеткен соң күтімге зәру болған
Анашым да бұл үйден көшіп кетті!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Інжуіме

  • 0
  • 0

Атам қайда дейсің сен
Інжу асыл лағылым.
Мен отырмын мүдіріп,
Тауым тасқа шағылып.

Толық

Кербез кеш мамырлап кеп...

  • 0
  • 0

Бүр жарып бұта гүлдеген
көгілдір көктем еді,
бір шуақ ақша бұлттың
бетінен өппек еді...

Толық

Тура сөздің түбі бір...

  • 0
  • 0

Құлақ бар домбырада,
бұрауын оң бұрадым –
күйге келді.
Ұл берді Тәңір оңдап,

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер