Өлең, жыр, ақындар

Қос шынарым

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 412
Қос шынарым – екеуіңсің,
Қос құшағым – апа, сіңлі.
Сағынармын тілдеспесем,
Көрмегендей Ай мен Күнді.
Бәсеңдесе, әл-қуатым
Өздеріңе шағым айтам.
Жаңа доспен танысқанда
Қос шынарым барын айтам.
Қос шынардың бұтағына,
Жырдан жібек бау өрейін,
Жалғап алып әлпеншекте
Тербетіліп, еркелейін.
Еңсе түзер қос шынарым,
Жол көрсетер қос шырағым.
Тілекші боп аман жүрші,
Қос шынарым, қос шырағым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жанымның қанды жарасын

  • 0
  • 0

Жанымның қанды жарасын
Жырыңмен таңып емдерсің,
Жүректен шыққан шымырлап,
Лебізің жанға дем берсін.

Толық

Аршыл деймін, патша көңілім

  • 0
  • 0

Аршыл деймін, патша көңілім,
Көңіл кірі не берер!
Аршыл сен де қос жанарым,
Шел қаптаған не берер,

Толық

Алатау ақ сәлдесін орап алған

  • 0
  • 0

Алатау ақ сәлдесін орап алған,
Ақ шапан иығына қона қалған,
Сардарға мойын бұрған өңкей сарбаз
Шыңдар да ақ иықты бола қалған.

Толық

Қарап көріңіз