Өлең, жыр, ақындар

Өң мен түс

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 540
Биікте тұрмын таң алды,
Тыныштық, ұйқы тоналды,
Құзырына бағын, әмірдің
Тыныштық сенің неңді алды,
Мойныңда бұғау тұрғанда
Мойынсұнбаған нең қалды!?..
Ай толғанда келген жыр
Айтолдыдан қалған жыр,
Аян болып туған жыр,
Ар боп бетім жуған жыр,
Ақ ниетпен тигізіп,
Сәждеге басымды иген жыр,
Күлдіретпей, күйдірмей
Жүрегіме тұнған жыр.
Тілге қуат әперген,
Кездіріп жаһан, от өрген
Дәрежеңді көтер деп
Маған мансұқ әперген
Сан періште көтерген
Жүкті иыққа артады,
Борышы – жырға бас исе,
Тосылмай-ақ өтер деп.
Жүк арта келген салмақ жыр
Мәртебелі ардақтым!
Тізе бүгіп, Аллаға
Таң алдында сәжда еттім,
Тосып алдым бір екпін.
Жалғыз Тәңірім, бас идім,
Жыр жолында құл еттің,
Мойындадым, иілдім,
Мәртебеңе сүйіндім,
Бас көтермей жазайын,
айтқаныңа көнейін,
Айдауыңа жүрейін,
Аян етіп бере гөр
Жырдан өрнек өрейін!!!
Сол биіктің басына
Құлама құздың қасына
Екі мәрте әкелдің,
Тайғанақтау өр еді,
Мен де өрдің бірі едім,
Тірліктен іздеп тірегін,
Зарыққанның бірі едім...
Салауатқа игем бас,
Таң алдында алғам дат,
Өлмеші емес, сірі едім.
Іздесе көктен тірегін
Дегені ме екен, адаспас...
Бұрын да шыққан биікке
Әкеліп қайта тіредің,
Алдым – шыңырау,
Артым – құз,
Тосылып жүрген жайым бар
Риясыз жүрегім.
Жолықтырдың өзімдей
Сағалаған жыр елін
Маңдайы айдай жарқырап,
Тілегімен от өрген,
Қадірін тілдің көтерген
Ақынына бір елдің!
Тәлімін екшеп ап келем,
Басымды тағы игізіп,
Мұратын шексіз сүйгізіп,
Бір көтерген биікке
Сынауға тағы әкелдің,
Қос қайтара мәртебе
Сынамаққа әпердің...
Осыншама жоралғы
Беретіндей кім едім,
Таба алмай жауап осыған
Құз басында түнедім.
Ұйқы қайда мұндайда
Тынышсыздау түн елі,
Әрекетке бата алмай
Қияда тұрмын қыл елі,
Тайып та түсер кезім бұл,
Майыпқа түсер кезім бұл,
Айтолды өткен сынақ пен
Айыпқа түсер кезім бұл
Кез болған екем ғайыптан...
Найзағай көкте көк сүңгі,
Сынақтан пенде көп білді,
Қара ала қошқыл түнерген
Жауатын бұлттар кеп тұрды.
Құйсыншы нөсер, құйсыншы,
Қақтырып дірдек жусыншы,
Құлатар болса қиядан,
Тазарып кетсем жоқ арман,
Білейін, ол да білсінші...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Толқында тумағанмен, жағада ержеткендер

  • 0
  • 0

Толқында тумағанмен, жағада ержеткендер,
Сыңсыған аққу әні әлдилеп тербеткендер.
Інілер, аманбысың, армысың, ел деп келем,
Адамдық атын адал мақсатқа белгі еткендер.

Толық

Жеті қат көк деген – аспан ба

  • 0
  • 0

Жеті қат көк деген – аспан ба,
Әлде аспан алтауға астар ма?
Аспанды аспан деп жеке алсақ,
Құпия сырына жете алсақ...

Толық

Кербез кеш мамырлап кеп...

  • 0
  • 0

Бүр жарып бұта гүлдеген
көгілдір көктем еді,
бір шуақ ақша бұлттың
бетінен өппек еді...

Толық

Қарап көріңіз