Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Жұмбақтар


Көре кетсең болғаны
Көз тігеді ол-дағы.
Жүрсең, бірге жүреді,
Күлсең, бірге күледі.
Жоқ, бірақ та, жүрегі,
Бұл затты кім біледі?

Айнадағы бейне



Отын емес жағатын,
Пішен емес шабатын.
Бірақ, адам шашапайды,
Айлап орып тастайды.
Биік жерде өседі,
Мұны не зат деседі?

Шаш



Бейне бір жас балақан,
Шапалақтап алақан,
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады,
Қыста түсі оңады,
Бұл қандай зат болады?

Жапырақ



Шақпақ тас,
Әппақ тас,
Қатты тас,
Тәтті тас.

Шақпақ қант



Болмасаң құнтсыз,
Кірлеген сайын
Аспанның бұлтсыз
Нөсері дайын.

Душ



Сүймейді тоқтауды,
Сүйеді таптауды.
Асфальтты илеген
Көрдің бе оқтауды?

Асфальт таптайтын машина



Дауысы да ілеспес
Өзі ұшқан қарқынға.
Созған шүйке іспеттес
Жол қалады артында.

Реактивті самолет



Білетін бар жұмысы:
Әлемнің төрт бұрышы —
Оңтүстік пен солтүстік,
Батыс пенен шығысы.

Компас



Бақ ішінде жылан жатыр,
Айналасын шылап жатыр.

Шланг



От қойсаң — жалын шығар,
Бос қойсаң — жаның шығар.

Газ



Қозғамасаң — құлайды,
Сүйемесең — сұлайды.
Құйымшақта ері бар,
Бұл не деген жануар?

Велосипед



Тар шеңберді айналып,
Тұр қазықта байланып.
Қаға берер таңдайды
Әдетінен танбайды.

Қабырға сағат



Бәрің, бәрің, бәріңді:
Бала-шаға, кәріңді —
Тіпті кемпір-шалды да
Отырады алдына ап.

Диван



Алдында штепсель,
Артында бауы.

Шошқа



Мың найзалы жалғыз батыр
Жауларына алғызбай тұр.

Кірпі



Жел-боранда жел болып ескен,
Шекесіне сексеуіл өскен.

Бұғы



Құрық та салдырмай бұлқынар
Матрос майкалы жылқылар.

Зебра



Тышқаннан басқа батпаған,
Бір шланг, төрт баған.

Піл



Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
Соғым үшін сайлап қойдым,
Бордақылап байлап қойдым.

Қарбыз



Кіргенде ініне сыңар-ды,
Ұрпағын ертіп ол шығарды.

Картоп