Өлең, жыр, ақындар

Бәріміз де жендетпіз

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 455
(өткеннен үзінді, қазіргіге шолу)

Таспен жардық бір басты,
Сөзбен жардық бір басты.
Бабам салты көміліп,
Қасиетімді құм басты...
Көмбес едік құмға біз,
Айналмас ек құлға біз,
Бытыратты тарыдай
Билік қылды қу қоңсы!
Монғол өттік, тау асып,
Қытай өттік түн қатып,
Үнді жері – тақырда
Қаталадық шөл батып.
Жорық жолы ауыр-ды,
Жаным талай ауырды.
Гималайда тастадық,
Бала менен бауырды.
Саясаты салдақы,
Қан жусатты солдаты.
Жосадай қып жерімді,
Кебінсіз ер көмілді.
Жазықсыздан жазғырып,
Жазаланған қазақпыз.
Тірі жүру үшін де
Азап алған қазақпыз.
Өшіп кете жаздаған
Қазақ аты қазақпыз.
Қуғын-сүргін сарқыты
Сондықтан біз аз-ақпыз.
Қырғыз деді – құптатты,
Қайсақ деді – құптатты
Қосаққа алған інгендей,
Дегеніне жұптапты.
Ата салтты таптатты,
Өзінікін мақтатты,
Интернационал деп,
Өзге ұлтқа жұптапты.
Бірте-бірте дінімнен,
Дінімнен соң тілімнен,
Тілімнен соң ділімнен
Тап осылай бездірді.
...Таспен жарсақ бір басты,
Сөзбен жарсақ бір басты.
Қасиетсіз қалған соң...
Алды жайлап албасты!
Жолдан тайса періште
Азғырады пері іште!
Дұрыс басқан қадамың
Бастап тұрар теріске...
Байбаламнан не пайда?
Бағыт қайда, жөн қайда?
Қазақ болып қалуға,
Тіпті мүлдем болмай ма?
Иман безсе жүректен,
Бата қалса тілектен,
Көрінгенге ермекпіз,
Ермеліге (жын-перінің аты) ермекпіз!
Жалдамалы жалғанда
бәріміз де жендетпіз!
Тек шетелде оқимыз.
Ассалау емес, о”кейміз,
Көкиміз-ау, көкиміз!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Салмақ

  • 0
  • 0

Дарыса егер бойыңа
Мысқал түйір салмақтан,
Адамсың, сен, ендеше,
Мақтана алсаң, ал, мақтан!

Толық

Жыландыға барғанда...

  • 0
  • 0

Қыз ерітер жүректен мұзды деуші еді,
Жылатуға болмайды қызды деуші еді,
Сағынышпен келгенде қыз төркінге
Сыбағасы сақтаулы тұрды деуші еді.

Толық

Диалог

  • 0
  • 0

- Тамады тырс-тырс, ағады,
Сорғалап, әне, барады!
Тыйылар емес, тыйсам да
Тамшылар өрнек салады,

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер