Өлең, жыр, ақындар

Қайыр-садақа сұраған бала

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 434
Ертегілер елінен
Ерте оралған балалық...
Ертіп апаршы, балақан,
Жүрші, үйіңе баралық...
Оқу қайда, бұл не жәйт,
Басталмай ма сабағың?
Тірі ме өзі, ата-анаң,
Неліктен аш тамағың?
Жүрші үйіңе, балақан
Жаутаңдамай көшеде.
Мен өзіңді көріп ем,
Осы арадан кеше де.
Жүрші, үйіңе, шырағым,
Алыс па өзі, тұрағың?
Сені жалғыз жіберген
Шешеңе бар сұрағым.
Иығынан ұстап ем,
Бала кенет жұлқынды.
Сілкіп тастап қолымды,
«Келтірмеші» деді күлкімді.
Оңашалау ап шығып,
Жөн сұрадым баладан.
Тұрады екен ауылда
Шеткерірек қаладан.
Жарайды, деді, апатай,
Мен келмесем базарға
Бересіз бе апарып,
Шешеме «бас жазарға»?
Кетіп қалсам сабаққа,
Күнде ертемен алаңсыз.
Кімнің қолы тиер екен,
Үйде інім бар қараусыз!
Тауық, қора, үй қояны...
Бәрі менің мойнымда,
Осы жәйім. Жақсы, апа,
Сұрағыңды қойдың ба?
Тым ересек көрінеді,
Жеті жасар Жәдігер
Ертегісіз есейген-ау,
Үлкендерше әбігер...
Құлынымдап жүрер ана
Шалдыққалы араққа,
Жарымадық, дейді бала
Ұйқыға да, тамаққа...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ағашүй

  • 0
  • 0

Ағашүйде бес қыстау, зілмәңке дейді өздері,
Шүңірейген терезе – жылтыраған көздері.
Жақындамай байқалмас – терезеден жол жаққа
тұрған қарап өздері!

Толық

Өмір неткен шуақты

  • 0
  • 0

Ай дөңгелек,
Күн дөңгелек,
Жер дөңгелек, дөңгелек.
Айдан сізге,

Толық

Тәуба, тәуба, бәрін көргем...

  • 0
  • 0

Тәуба, тәуба, тәуба дегем...
Әлпештеген ана көргем,
Мейірімді әке көргем,
Жүрген аяқ сәтті жолмен

Толық

Қарап көріңіз