Өлең, жыр, ақындар

Мүсіркей қарауға келдің бе

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 377
Мүсіркей қарауға келдің бе,
Қалды ма тағы өшің?
Қоламта, күл-көмеш
Іздеме сезімді,
Қалды өшіп. Жан кешіп
Сүйген ем, күйген ем,
Ес жидым мысқылдан түйреген,
Тірі едім, әсершіл бейбақтың
Бірі едім.
Тірі өлік көзіңе түндерде
шалынса – ілбіген, кебінін сүйретіп,
сескенбе, ескерме, жек көрме –
ол менің сезімім – сен кеткен күйретіп!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Имандылық жүрекке орнығуын тілесек

  • 0
  • 0

Имандылық жүрекке орнығуын тілесек,
Әліпбиден бастайық, ежіктеуден қашпайық,
Әр елде ашқан сауатын, сол елде қаққан қанатын,
Діни әлем көгінде шығарар әркім өз атын...

Толық

Алатау ақ сәлдесін орап алған

  • 0
  • 0

Алатау ақ сәлдесін орап алған,
Ақ шапан иығына қона қалған,
Сардарға мойын бұрған өңкей сарбаз
Шыңдар да ақ иықты бола қалған.

Толық

Ынжық еңсе

  • 0
  • 0

Ынжық еңсе
ұл өсірсе
елге сын,
Ақ жолыңда

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер