Өлең, жыр, ақындар

Кәрі теңіз тебіренісі

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 393
Табиғатқа тиесілі дегенге
Жұмыр жердің киесімін деп сендім.
Жағалау мен теңіз түбі бұл күнде
Үлесінде байлық қуған шефтердің.
Алас ұрған тірлігінен тірінің
Толқыным да толқымайды бүгінде.
Алпауытты келгеніммен еңсергім,
Дәрменсіздік құр теңселтті, теңселдім...
Пәрше-пәрше бөлініп тұр аумағым,
Ызы-қиқы төріндемін сауданың.
Күндіз-түні тебіренер толқыным
Екіталай маған енді сау қалу.
Шарлайтұғын айдынымды еркімен
Тамсандырған аққу қайда көркімен.
Бұлтың қағып, бұлтша аунақшып жүретін
(Жағалаудың байпаң қаққан еркесі)
Итбалық та арпалысар дертімен.
Беу, адамдар, түгенделіп бітер қашан
мұқтажың,
Тонаушыға бар ма титтей ықпалың?!
Тебіреністі теңіз жанын ұғатын
Шаршы әлемнен бір жан бар ма шығатын?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үйірген сөзді тіліме

  • 0
  • 0

Үйірген сөзді тіліме,
Иманның нұрын – діліме,
Тілек берген тілеуге,
Уайым берген жүдеуге,

Толық

Алатау ақ сәлдесін орап алған

  • 0
  • 0

Алатау ақ сәлдесін орап алған,
Ақ шапан иығына қона қалған,
Сардарға мойын бұрған өңкей сарбаз
Шыңдар да ақ иықты бола қалған.

Толық

Тыныштық

  • 0
  • 0

Құлаққа ұрған танадай
Орнады келіп тыныштық!
Қыздарым кетіп барады
Жүрекке дәру, тым ыстық...

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер