Өлең, жыр, ақындар

Өр Алтай

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 759
Тіршілік пен әсемдік ұғысқалы –
Бір шынар асқақ Алтай шығыстағы
Тербеткен кеудесінде кенді өлкені
Жер-Алып алтын бесік тыныстады.
Алтынын күмісі мен салмақтаған,
Билік пен заман көші... алмасты адам.
Байлығын қорқаулықпен игеруге,
Кезі жоқ жатжерлік те жармаспаған.
Жағадан су сапырып, алтын сүзген
Келімсек ағылшын да жортты түзде.
Бұл жайлы жылнамалар сыр айтады,
Мұрағаттың әр беті мұңайтады...
Жайлаудан қонысына қайтқан қазақ
Патшадан мұрсат сұрап, арыз жазады.
«Билет ал» деп, өз жерінде кіріптар ғып,
Жалгерлік ақы кесіп, пұлын алады...
Ойым жоқ тарихты түгел жазбақ,
Өткеннен бір үзік сыр шерттім аздап.
Шығыстың шынарына таңдай қаққан
Білсін деп бұл жайды да әрбір қазақ.
Өскемен – өскен елдің бір үлгісі,
Қара Ертіс, қатар аққан Ақ Үлбісі.
Суына сүт қосқандай деп сүйсінер
Буырқанған бастауын көрген кісі.
Қойнауы тұнған асыл – алтын, күміс,
Беткейі балқарағай ашқан тыныс.
Шалғыны маралына болған өріс
Өр Алтай теңдесі жоқ құтты қоныс!
Шығысым – Шынарым деп құтты мекен,
Жырыма жүрекжарды өзек етем.
Тұмасы ер Рахманның шипасы ерек,
Марқакөл атың аңыз - толған дерек.
Марқакөл атың аңыз - толған дерек,
Жиырма жеті өзеннен алған қорек.
Бойына тоғыстырып, алған нәрін
Қалжырға – жалғыз өзен жиып береді.
Өр Алтай табиғаттың тұлымындай,
Қос өзен Баян сұлу бұрымындай.
Өскемен – шығыстағы алып тұлға,
Қазақтың омыртқалы жұлынындай!
Талай жұрт көкейінде көксейді екен
Көрмеген Жер жәннатын ғұмырында,
Оралхан өмір бойы іздеп өткен
Аңсатқан сол бір қасқа құлынындай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Халқым қалың жұрт атанса

  • 0
  • 0

Халқым қалың жұрт атанса,
Мен бір жалаң тінімін -
дәрежесі көкпен талас
хақ тұғырлы халқымның,

Толық

Мейірім

  • 0
  • 0

Жүрек деген тас бар еді,
Тастай берік асқар еді.
Беріктігі ерен еді,
Шыңыраудан шыңғырса жын,

Толық

Бір жақсыға

  • 0
  • 0

Жақсыдан тиер шарапат,
Жаманнан келер кесапат,
Жау көрсең мені аяма,
Кесек ат, көздеп кесек ат!

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер