Өлең, жыр, ақындар

Ақын рухымен сырласу

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 541
Ашық алаң, әппақ қардың үстінде
арман толы жүректерді нұр шалып,
сенің жырың – «...Елім менің...» екпіндеп,
жігер жанып жеткен жоқ па еді жеңіске
қанды қолдан шеке ісірген ұрпағың?!
Қанды майдан желтоқсанның өр үні
Жүректердің қыздырғанда көрігін,
өр үніне қосып жалын жігерін
от шарпыған он сегіз бен жиырма бір...
Көк бөрінің көк байрағын көксеген
Тәңіріне үні жеткен Желтоқсанның түні еді.
Қанды майдан сол жорықтың өр үні
Жүректердің қыздырғанда көрігін
Байтақ дала Қазақстан құрышын
кекке бөккен қаныменен суарып
сол өрліктің, сол ерліктің екпіні
Ел таңбасын, Ту тұғырын соқтырған
мүмкін емес, мүмкін емес, жан аға-ау,
Сол күндерді Рухыңның сезбеуі!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айсәуленің сөздігі

  • 0
  • 0

Тілі енді шығады,
Сөздік қоры санаулы!
Іс-қимылы дақпа-дақ
Шелтиіп ап танауы!

Толық

Бір жақсыға

  • 0
  • 0

Жақсыдан тиер шарапат,
Жаманнан келер кесапат,
Жау көрсең мені аяма,
Кесек ат, көздеп кесек ат!

Толық

Дән мен жаңқа

  • 0
  • 0

Дән боларсың бір жеміс піскен кезде толатын,
Тағдырыңның кезегі топыраққа жол ашып,
Суарылып, көктерсің шуақ нәрмен қалқиып,
Биіктерсің, өсерсің өзегіңе нәр жиып.

Толық

Қарап көріңіз