Өлең, жыр, ақындар

Інжуіме

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 339
Атам қайда дейсің сен
Інжу асыл лағылым.
Мен отырмын мүдіріп,
Тауым тасқа шағылып.
Алдарқатып әрнеге
Көңіліңді бұрамын.
Шаттанасың мәз болып
Көктен түскен жыр-әнім.
Түрлі сауал бересің
Қиын кейбір сұрағың.
Жауап тапсам біріне,
Бірін білмей тұрамын.
Ойлы болып өсерсің,
Талай жұмбақ шешерсің.
«Білместігін» әжеңніің
Түсінген соң кешерсің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қаншама күндер өтіпті, күтумен күдер үзілген

  • 0
  • 0

Қаншама күндер өтіпті, күтумен күдер үзілген...
Қаншама моншақ құлады, көзімнен, жаным, тізілген
Тізілген жастан кеппесе кірпігім, қалай көз ілем,
Ауырын өткен күндердің кірпіктеріммен сезінем,

Толық

Сары алтындай сағынышпен апталған

  • 0
  • 0

Сары алтындай сағынышпен апталған,
Ақ күмістей төзімдермен күптелген,
Уайымның боз тұманы мұнартқан,
Құйтақандай жүрегіме мұң артқан

Толық

Күз

  • 0
  • 0

Естілмейді селдір сары
жапырақтар сыбдыры,
Жел уілі басым түскен
сұрғылт қабақ күз күні.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер