Өлең, жыр, ақындар

Азалы Арғымақ

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 289
Серікқалиев Зейноллаға
Бір ышқынып кер бесті,
шылбыр үзді шыңғырып.
Мықтылығын қайыстың
сес көрмеді шөп құрлы.
Бір күш бойын билеген
тықыршытты есті алып,
сәл шыдаса орнында
қалатындай кеш қалып.
Шауып келеді кер бесті
құла түзді бетке алып.
Құла түзді бетке алып
безген сайын есілер,
Жер қарпыған тұяқтар
қызған сайын көсілер.
Кісінейді жануар,
Көкірегі батпан зіл!
...Тың тыңдады аяңдап:
жел ызыңы жәй ызың,
сыбырлайды жәй алдап.
Ессіз жел, сен, есіл құр,
жал-құйрықты желбірет.
Әкелмесең бір дерек,
жолда тұрма көлгірсіп.
Сағым, сен де сырғыма,
құр алыстан мөлдірсіп.
Бағдар талай өзгерді –
дала кезді, тау кезді,
Күшін жинап ақырғы
қия өрледі не түрлі.
Кезе-кезе тау-тасты
тұяқтары кетілді.
...Арқыраған тау суы
ағынымен арынды
әкетердей ағызып,
ықтырады бүйірлеп.
Өзен өтті жан жалдап,
көзге қара ілікпей,
тағы алданды аңғал бақ
сенбей келген күдікке.
Қайғысына ортақтас,
ішің тарт та ұлы, жел!
Мәймөңкесің сен неге,
сен де уақыт құлы ма ең?
Ұлы, ұлы, тағы ұлы,
ызыңдама, ұлы, жел!
Ызыңыңмен құлақты
мүжіп болсаң, долы жел
Ішің тарт та бір солқ ет.
Тына қалып мауқың бас.
Баса алмасаң мауқыңды
мең-зең болған мазамды
тартып ал да, ала қаш...
...Кісінейді жануар,
жас боп парлап жанары
Күте-күте иесін
таусылғанда амалы
Бар үміттің, төзімнің
сезді адыра қалғанын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шын махаббат – тәңір сый-сыбағасы

  • 0
  • 0

Шын махаббат – тәңір сый-сыбағасы
Пайғамбардан басталған әдеп басы.
Адам ата дұға етіп сұрап алған
Адамзаттың деседі, Хауа анасын!

Толық

Айдарханға

  • 0
  • 0

Бір шөтке шаш –
Мақтанышы,
Мұрагері атаның,
Аты Айдархан сол мықтының,

Толық

Тәуекел

  • 0
  • 0

Кісілік сабақтан басталған қадамым,
көлгірлік, зеңгірлік дегеннен адамын,
құлагер, ақтаңгер, күреңдер жиналған алаңға
жорғама терлік сап барармын...

Толық

Қарап көріңіз