Өлең, жыр, ақындар

Көнсе, егер...

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 330
Алдауға, арбауға көнсе, егер,
Жынымды алыңыз,
Бұйымтай сол болса,
Кешікпей, алыңыз,
Барыңыз...
Кейде бос, кей кезде байлаулы,
Білмейтін айдауды...
Шақырсам келетін,
Жұмсасам көнетін,
Берейін таба алсаң, сен тілін
Жынымды...
Әй, бірақ, сенбеймін
Жынға жын бағынып көріп пе?!
Жынның жын таңдауын беріп пе,
Жынға жын керек пе,
Сол жағын білмеймін,
Жоқ ондай дерек те!
Білерім – сен соның бірісің,
Саған жын керек пе?
Досымсың. Кей сәтте тосынсың.
Алыңыз керектің бәрін де.
Ақша ма, азық па, кеңес пе?
Өмірден көргенім, түйгенім,
Аз-көпті сабағым, азабым...
Бәрін де, бәрін де
Алыңыз, керексе.
Бәрінің өтеуі табылар,
Мендегі пейілдің кеңдігі ерекше,
Бәрін де алыңыз, керексе -
Толтырар несібем еселеп!
Мен кедей болғанмын нешеме,
Бір тәңір беретін аспаннан
Керексе, батпандап
алғанмын. Аламын, шашпаймын,
Садақа беруге тарылман,
Мал артық болмайды жанымнан,
Жан артық болмайды арымнан,
Кезім жоқ, бар болса тарылған!
Тек қана,
Сұқтанба арыма,
Мен оған тас сараң,
Ол кетсе – кетер ес,
Оны ешкім өтемес,
Сондықтан ешқашан сен оған тиіспе!
Тиіспе!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкжиекте сұлу Көкше сұлбасы

  • 0
  • 0

Көкжиекте сұлу Көкше сұлбасы,
Көңілімде сағыныштың тұнбасы.
Астанадан шығып едім асығып,
Күтіп тұр деп әппақ қайың-сырласым...

Толық

Мен құмда өстім жалаңаяқ

  • 0
  • 0

Мен құмда өстім жалаңаяқ,
Құм қызуын сіңіріп,
Өкпек желге қарамай-ақ,
Қырдан самал сіміріп...

Толық

Үмітті күндер

  • 0
  • 0

Қайрылмайтын артына заулайды күн,
Заулайды күн, есесін даулайды кім!
Емексітіп аспанды торлаған бұлт
Тағы көшіп бара ма жаумай бүгін?

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер