Өлең, жыр, ақындар

Мендегі ақ сезім

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 273
Мендегі ақ сезім
Ақ нөсер секілді көктемгі...
Көктемгі бәйшешек
Баурайын таулардың –
көмкеріп бөктерді көктеді!
Шық тұнған
Бәйшешек ернінен
кеп-керім,
Шуақтың өбеді
Бір сынық тармағы,
Дір етіп, шық тамшы
аунады...
Таңғы шық ғажайып,
Сағынған асылын
Жүректен үзілген
Көзімнің
жасынан аумады!
Аумады!
Аумады!
Ақ жолбарыс
Мосфильмнің аттас туындысын көргенде туған ой
Тылсымнан туған құпия күші,
Жайпайды жолын,
қызыл от құшып,
Өртенді орман, өртенді жер-көк,
Шөліркеп қанға
Жерге ажал септі,
шашып қан төкті!
Адам ойының
әумесер жемісі –
«Ақ жолбарыстың»
(неміс армиясының танкі)
аты тұр келісіп!
Озбыр сананың
«озық» туындысы,
Өмірге әкелді
Мәңгілік майданның
өңшең жырындысын!
Жатқан кім сұлап –
сұлбасы адам,
тұп-тұтас көмір.
Қас-қағым сәтте
өртенді өмір!
«Сұрауы бар ғой»
дегіңіз келіп,
Құрғады көмей,
Сұрапыл сепкен
тажалды көріп!
«Бітті! – деп, соғыс!»
Қуантпақ болды,
Жауынгер бейбақ
жанары шерлі –
«Бітпейді, соғыс,
бітпейді» дейді.
«Бітпейді» дейді,
«жалғасар бейуақ...»
Соғыстың мөрі санаға соққан
Өзіне қоса әке атын ұмытты
жауынгер бейбақ!!!
Санада жалқы ой –
кек алу қайтсе,
Түбіне жеткен
«ақ жолбарыстан»!
Айырды, сөйтіп,
айырды соғыс,
Талайды естен...
Талай... арыстан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызыл су мен ыбырсу

  • 0
  • 0

Ойға барсаң - мұз бетінде қызыл су,
Сорға барсаң - тастап кеткен тұзын су,
Тауға келсең, бүгін-ертең еритін,
Селдетпекке дайындайды мұзын су.

Толық

Мейірім

  • 0
  • 0

Жүрек деген тас бар еді,
Тастай берік асқар еді.
Беріктігі ерен еді,
Шыңыраудан шыңғырса жын,

Толық

Мен құмда өстім жалаңаяқ

  • 0
  • 0

Мен құмда өстім жалаңаяқ,
Құм қызуын сіңіріп,
Өкпек желге қарамай-ақ,
Қырдан самал сіміріп...

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер