Өлең, жыр, ақындар

Айсәуленің сөздігі

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 348
Тілі енді шығады,
Сөздік қоры санаулы!
Іс-қимылы дақпа-дақ
Шелтиіп ап танауы!
Жақсы көру дегенді
Ыммен айтса, ұғамын.
Тербеледі ырғалып,
Айқастырып құшағын!
Құс, балапан дегені –
«пітә-пітә-пітәпә»!
Екі қолын қанат қып,
Қалбаң қағып ұшады, ә!
«Барыс», «Дружоктың» да
Ит екенін біледі.
Үрсе кезек күшіктер
«Жат, әу-әу» деп жүреді!
«Бөпе» дейді өзіндей
Бала көрсе, қызықтап!
Мамасына қашады,
Бөпесінген «бұзықтан».
Тастамайды аузынан
Тым киелі бір сөзді!
Сан құбылтып айтады
«Папа» деген бұл сөзді!
Ән айтады өзінше
«Мама, папа, құдай...» деп
Амандығын тілесең,
Бір Құдайдан сұрай бер!
Пәк-періште сәбиім,
«Айсәулесім» әй-әйсің!
Жақсы сөзбен тек қана
Сөздік қорың молайсын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кішкентай Зейне

  • 0
  • 0

Атасын өзі көрген жоқ,
Әжесін іші таниды.
Әкесін көрсе құлпырар
Пәк-періште жан игі.

Толық

Жәй ғана өлең...

  • 0
  • 0

Мына дала – қай дала,
Айқай кезген айдала
Мына бала – қай бала
Өзі момын жәй ғана!

Толық

Қарға туралы

  • 0
  • 0

«Қарғыс алып, қарайып, қара түске боялған...»
Оқығанда бұ жолды көңіліме ой алғам.
Содан бері қар жауса, жапалақтап,
Ақ әлем...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер