Өлең, жыр, ақындар

Мүмкін өзім...

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 363
Жәудіресем, жәудіреген шығармын,
Қайғы оранып қамыққан сәтте,
Қара орманым өртеніп, тарыққан сәтте,
Жалғызсырап жабығып,
Жесір, тұл қалған сәтте.
Мөлтілдесем, мөлтілдеген шығармын,
Сезім-мұң құрсап ықтырған сәтте,
Тіршілік нәрін бойыма сіңіре алмай,
жас болып лықсып,
Жанарда шық тұнған сәтте.
Жау тілесем, жау тілеген шығармын
Сырымды ақтара алмай,
Ап-ащы зарға тұншыққан сәтте,
Өзгенің бәрін жарылқап,
шуағын менен аяған
Күн шыққан сәтте.
Төгіле жаздап, төгіле алмай
Мөлтілдеген шығармын,
Жетім көңіл шарасыз,
...Жәудіреген шығармын.
Айқасып, арынымды басуға
Мүмкін өзім...
Жау тілеген шығармын...
Өтті бәрі, кетті бәрі...
Көлеңке түгіл, ізі жоқ,
Ызғары түгіл, сызы жоқ,
Ширамасыма қоймады,
Ащылау өмір тұзы көп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дән мен жаңқа

  • 0
  • 0

Дән боларсың бір жеміс піскен кезде толатын,
Тағдырыңның кезегі топыраққа жол ашып,
Суарылып, көктерсің шуақ нәрмен қалқиып,
Биіктерсің, өсерсің өзегіңе нәр жиып.

Толық

Толқында тумағанмен, жағада ержеткендер

  • 0
  • 0

Толқында тумағанмен, жағада ержеткендер,
Сыңсыған аққу әні әлдилеп тербеткендер.
Інілер, аманбысың, армысың, ел деп келем,
Адамдық атын адал мақсатқа белгі еткендер.

Толық

Жеткізе алмағанда бір ойды сөз

  • 0
  • 0

Жеткізе алмағанда бір ойды сөз,
Болса ғой тылсымдарға енетін кез...
Періштенің кейпінен ажыратар
«пері іште» боп жүргенді көретін көз!

Толық

Қарап көріңіз