Өлең, жыр, ақындар

Айгөлекке

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 463
Сендей дос менде ғана бар,
Мендей дос сенде ғана бар.
Жүрекпен ұқса досты – дос
Көңілің көркін таба алар.
Намысты бірге қорғасар,
Тарықсаң ойға ой қосар.
Қажысаң қайрат азайып,
Иығын саған ол тосар.
Бұлданбас шамаң келмесе,
Сағынар аңсап көрмесе.
Өзіңнен сені қорғайды ол,
Сынап көр оны, сенбесең:
Аптықсаң ашу қысқанда
Боратсаң қарғыс дұшпанға,
Құрбыңа қалсаң өкпелеп,
Ұнжырғаң түссе бөп-бөлек.
Нағыз дос сенің сөзіңді
Сөйлемес шашбау көтеріп.
Күнәға батпас жолды айтар,
Мәртебеңді марқайтар.
«Сайтанның сайқымазағы
арттырар демде еселеп
күпірліктің азабын.
Арашаны арыңа
сабырдан ізде, қарағым!»
Дей алса досың – асыл дос
Көңілің табар содан хош!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алынбаған асқарым – ескірмеген тарих

  • 0
  • 0

Алынбаған асқарым – ескірмеген тарих
Өздеріңді көтеріп келе жатыр нар иық
маң-маң басқан уақыт.
Маң-маң басқан уақыт

Толық

Күн жыры

  • 0
  • 0

Күз түскелі күліп тұр ем,
Бүгін сықтым көз жасын,
Бұлт шатырын керіп тастап,
Алатауға қонғасын...

Толық

Тәуба, тәуба, бәрін көргем...

  • 0
  • 0

Тәуба, тәуба, тәуба дегем...
Әлпештеген ана көргем,
Мейірімді әке көргем,
Жүрген аяқ сәтті жолмен

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер