Өлең, жыр, ақындар

Сөзімнен нәр ала алсаң...

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 376
Сөзімнен нәр ала алсаң тамшыдайын,
Жолыңда бұлағың боп аршылайын,
Шөлдесең, тұма болып тұна қалып,
Керексем, шөлің басып сарқылайын.
Көздеуін мөлдірімнің өзің аштың,
Арындап екпініммен тұра қаштым.
Бір өзің тоған болып баяулатып,
Таңдарда жыр арнадың ояу жатып.
Алланың әмірімен тілек тілеп,
Жүргенде жолықтырғам арып-ашып.
Осылай жырлап өтсем қалған ғұмыр,
Дегендер десе, десін «мынау – ғашық!».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағы да Інжуге

  • 0
  • 0

Менің опа-далабым,
Тап-тұйнақтай орнында.
Үйде жүрсең ғажабым
Шашар едің оңдырмай.

Толық

Ана тілдің өгей ұлдарына

  • 0
  • 0

Ана тілдің өгей ұлы, көпсіңдер
Жер айырылып кетер топас екпіннен!
Ана тілді менсінбеген мәңгүрттер,
Қу дүниені кеткен куып, жан күйттеп.

Толық

Биіктің қара болғаны

  • 0
  • 0

Биіктің қара болғаны
Қап-қара бұлттың қонғаны.
Биіктің сұп-сұр болғаны
Төбеңе сұқсыр қонғаны.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер