Эссе және өлең-жыр байқауы

Қазақ ауыз әдебиеті

Қазақ ауыз әдебиеті (халық поэзиясы, фольклоры) — қазақ халқының бұқаралық көркем сөз шығармашылығы. Алғашқы нұсқалары ерте заманда, түркі тектес рулардың, тай-палардың сөйлеу тілі қалыптаса бастаған кезде пайда болған. Қазақстан мен Орта Азия, Алтай өңірі мен Еділ бойын мекендеген көшпелі түркі халықтарының кейбір ертегілері мен аңыздары, дастандары мен өлең-жырлары, мақал-мәтелдері мен жұмбақтарының негізі төркіндес екені мәлім.


Өлеңдері