Өлең, жыр, ақындар

Гәкку

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4514
Аралап талай жердің дәмін таттым,
Құс салып айдын көлде дабыл қақтым.
Айта алмай Гәккуімді ешбір адам,
Маймаңдап қоңыр қаздай мамырлаттым.

Түрленіп тоқсан түрлі ән саламын,
Жай тастап құлашымды,кең аламын.
Түкенде сен есіме, ерке Гәкку,
Құлпыртып осынау әнді толғанамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әйел күйі

  • 0
  • 0

Ауылым қу ағаштың қуағында,
Мизамның қой қырқамыз шуағында, ай.
Күніне тоғыз түрлі әнге салып,
Қос күрең болып өстім уағында, ай.

Толық

Әпитөк (2­ нұсқа)

  • 0
  • 0

Болдым құмар жасымнан, сәулем, саған,
Дидарласар күн туса есен-аман-ай, есен-аман.
Сенсіз маған жалғанда қызық бар ма,
Жететұғын тілекке болса заман-ай, болса заман.

Толық

Қаржас

  • 0
  • 0

Сұрасаң руымды, Қаржас едік-ау,
Дос болар әркім, сөзде тұрса берік-ау.
Жеріңе пәлен деген барар едім-ау,
Аңдушы алты кісі-ай тұрса келіп-ау.

Толық

Қарап көріңіз