Өлең, жыр, ақындар

Қаракөз (5 нұсқа)

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1082
Қаракөз, ауылың алыс, жерің шалғай,
Мен жүрмін дидарыңа бір қана алмай.
Ой толқып, жүрек лебі құйқылжыды-ау,
Қосылар күн болар ма, ақ дариға-ай.

Қайырмасы:
Қаракөз отыр гүл жайнап,
Қамар белбеу бір байлап.
Шіркін, еске түскенде,
Кетеді ішім зыр қайнап.
Ахау, Қаракөз,
Қалдың кейін,
Мен не дейін,
Құшақтап,
Енді көрсем, жібермеймін.

Қаракөз ұядағы ақ балапан,
Сағынып Қаракөзді ойға батам.
Ауылын Қаракөздің көрген болсаң,
Берейін сүйіншіге ат пен шапан.

Қайырмасы:
Қаракөз, отыр мөлдіреп,
Екі беті үлбіреп.
Жібек шәлі мойнында,
Төңірегі желбіреп.
Ахау, Қаракөз,
Қалдың кейін,
Мен не дейін,
Құшақтап,
Енді көрсем, жібермеймін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайқайма

  • 0
  • 0

Айналайын көзіңнен жалт-жұлт еткен,
Кім бар еді-ау, арада саған жеткен.
Дүниеде не маңғаздар туса-дағы,
Теңгермеймін ізіңді басып кеткен.

Толық

Әгөй-гәй

  • 0
  • 0

Ат байладым ақ үйдің кермесіне, әгөй,
Көз салмадым біреудің бермесіне.
Әгөй-гәй, әгөй-гәй.
Оралыңның барында ойна да күл, әгөй,

Толық

Жиырма бес

  • 0
  • 0

Беріп кет сақинаңды мыс та болса,
Жүрейік күліп-ойнап қыс та болса.
Таста да етігіңді байпақшаң кел,
Көрейін өз сорымнан ұстап алса.

Толық

Қарап көріңіз