Өлең, жыр, ақындар

Жұбату

  • 29.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3657
Өтпейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
Қияғы бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.
Шудасы бүтін түйе жоқ,
Кекілі бүтін бие жоқ.
Жанып бітпес көмір жоқ,
Жабырқамас көңіл жоқ.
Батпайтын күн жоқ,
Атпайтын таң жоқ.
Отырсаң ойлап, әлемде
Өлмейтін жан жоқ.
Құс өліп, балапан қалса,
Қияқ қалар.
Ат өліп, құлын қалса,
Тұяқ қалар.
Ата өліп, бала қалса,
Мұрат қалар.
Бала өліп, ата қалса,
Ұят болар.
Арғымақ аттың тұяғы
Сазға басса, жетілер,
Тасқа басса, кетілер.
Жапырақ ұшып желге кетті,
Аққу ұшып көлге кетті.
Ол ешқайда бармайды,
Бәріміз баратын жерге кетті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақберген

  • 0
  • 0

Астымда атым мінген торы жорға-ай,
Келемін жорғалатып жанай қырға.
Өзіңе, кетер шақта-ай, келдім салып,
Көңілім амандасып жолығарға-ай.

Толық

Алма мойын

  • 0
  • 0

Дәйім менің мінгенім шұбалаң кер-ей,
Қос сақина қолымда бұрама зер-ей.
Ей, алма мойын-ай.
Боз аттың болды-ай талай былқылдағы,

Толық

Көкшетау

  • 0
  • 0

Көрінген анадайдан көлдің миқы,
Алысты жақын қылған қайран жылқы.
Қайран, жылқы Көкшетау,
Ей, Көкшетау, жерің салқын,

Толық

Қарап көріңіз